Педагогика тарихы


ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығының құрылуы



бет72/113
Дата18.11.2022
өлшемі2,03 Mb.
#158802
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113
Байланысты:
Педагогика тарихы Оқулық. - Алматы 2013. – 494 бет. (3)

17. ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. Қазақ хандығының құрылуы.
Жазба мәдениет өкілдерінің еңбектері мен ақын, жырау-билердің шешендік өнерінің тәлімдік мәні

XІV-XV ғасырларда қазақ даласында құрылған қазақ хандығы – сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.


Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігін алуына әкеліп соқтырды. Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы – қайта өрлеу дәуіріне (XІV-XVІ ғғ.) дөп келеді.
Бір кезде Шыңғыс, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темір империясының отар елі болған Ресей, кейін сол империядан ыдырап, бөлініп шыққан халықтарды (Өзбек, Татар, Ноғай, Сібір (Көшім), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар еліне айналдырды.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасу барысында (1470–1731 жж.) 260 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете де жаздады.
Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келісім шарт жасасып, Қытай – жоңғарларды, ал Ресей – қалмақтарды қазақтарға қарсы айдап салды.
Осындай қырғын соғыстар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді, көне дәуірден бері қалыптасып келе жатқан өнер-білімнің, ұлттық мәдениеттің одан әрі дамуына қажетті жағдай туғыза алмады. Дегенмен де қазақ халқының іштей ұйытқысы болған рухани күш бар еді. Ол – азаттық идеясы. Елдің елдігін ұстап тұрудың кепілі ретінде үш күштің бірлігі алға тартылды. Оның бірі – ел басқарушы қағанның білікті болуы, оның бұйрығы мен заңдарының түзулігі (“тура биде туыс жоқ”, “хан қараға да, халыққа да ортақ ие” деген ұстаным үстемдік құрды). Әсіресе Жәнібек, Керей, Қасым хан мен Есім, Хақназар, Тәуке, Абылай хандардың дипломатиялық ел билеу саясаттары мен жарғылары ерекшеленіп көзге түсті. Хандар халықтың бірлігі үшін ел ішіндегі сөзі куәлі, аузы дуалы билер мен ақын-жырауларды хан сарайы маңына топтастырды. Олар хандардың ел билеу саясатын қара халыққа түсіндіріп бақты.
Ел бірлігінің ұйытқысы қол бастайтын батырлар мен ел бастайтын көсем-билердің бірауыздылығы, әсіресе “ел намысы – ер намысы” деп қарау басты идея болды. Олар үшін “атақоныс” ең қасиетті ұғым болып саналады. Елін, жерін қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғау, тәуелсіздіктің туын жоғары ұстау қастерлі заң болып табылды. “Сегіз қырлы, бір сырлы” отаншыл азамат тәрбиелеу моральдық-этикалық басты принцип болып есептелді. Осы мақсат ел билеуші хандар мен халықтың сөзін ұстаушы би-шешен, ақын-жыраулардың тәлімдік талаптарын айқындады. Ол талаптар: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбек-сүйгіштік, қиындыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ататегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу т.б.) Осындай қоғамдық қатынасты кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда ел намысын көп болып қорғау, тұрмыс-тіршіліктегі мүдделестік, өмірге деген көзқарастың үлкен-кішідегі сәйкестілігі, олардың өзара қарым-қатынасында жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Тұрмыс-тіршіліктегі бірыңғайлық, психологиялық жағынан мүдделестік пен бірауыздылық әркімнің өз рулық одағының ар-намысын қорғауға жұмылдырды. Ол бүкіл ру мен ұлтқа ортақ салт-дәстүрлерді туғызды.
Ақын-жыраулар мен билер хан қасында отырып, оларға ақылшы бола білді. Өздерінің өлең-жыр, толғауларымен халықты хан айналасына топтастырып, ел мүддесін қорғауға, береке-бірлікке ұйытқы болды. Яғни олар ханға да, қара халыққа да тәлімгер тәрбиеші, ақылгөй ұстаздық рөлді атқарып келді. Солардың ішінде көрнекті қайраткерлер: Майқы, Асан қайғы, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бәйдібек би, Жиембет, Ақтамберді, Доспамбет, Үмбетей, Бұқар жыраулар т.б. бар еді. Хандық дәуірден қалған рухани мұралардың ішінде XV-XVІІ ғғ. жазба мұралар да жоқ емес. Мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жаримат-ат тауарығы” және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” т.б. еңбектер.
Енді солардың әрқайсысына қысқаша тоқталып өтуге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   113




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет