Тақырыбы: Азаттық Қозғалыс Идеологиясының Қалыптасуы Мен Ұлт Зиялылардың қызметі. Дайындаған: Калдыбаева Аида ия-20-1 Тексерген: Агниязова Айжан



Дата07.02.2022
өлшемі2,42 Mb.
#82633
Байланысты:
2 такырып.Калдыбаева Аида.Ия-20-1.1 курс

Тақырыбы: Азаттық Қозғалыс Идеологиясының Қалыптасуы Мен Ұлт Зиялылардың қызметі. Дайындаған:Калдыбаева Аида ИЯ-20-1 Тексерген:Агниязова Айжан


Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең əсер етті. .Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жəне саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге əкеп соқты.
Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мəдениет тұрғысынан алғанда, дəуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда əлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі жəне ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мəдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмəнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды.
Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады. ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, əрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мəдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мəскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120 - ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ə.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шəлімбеков, Х.Досмұхамедов жəне басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді
Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мəселесін жеке дара мемлекет мəселесин Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды. . ХХ ғасырдың бас кезінде Ресейдің мұсылман халықтарын оятуды мақсат еткен кітап, газет - журнал түріндегі басылымдар көбейді. 1910 жылдардағы аумалы төкпелі кезеңде қазақтардың саяси өміріне бағыт бағдар берген «Қазақ» газеті 1913 жылдың басында шыға бастады. Кейіннен Алаш партиясының ресми баспасөз органына айналған бұл газетті Думаның бұрынғы мүшесі Ə.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов басқарды.
Қазақ саяси элитасының(Əлихан, Міржақып, Ахмет;Шəкəрім) қазақ халқының тарихы мен мəдениетін зерттеудегі рөлі. Элита – ең таңдаулы адамдардың қауымы. Халық басқарушы билікке түгелдей қатыса алмайды, сондықтан, бұл міндетті элита атқарады. Олар бұқара халықтың биліктегі өкілі, ел соларға сенім артады, соңынан ереді, бағыт-бағдар алады, түзеледі, еліктейді. Элита дегенде, жоғарғы билік пен көрнекті тұлғалар еске түседі. Алайда, мемлекеттік басқару құрылымдарындағы билеуші элита – формальды топ қана, олардың көпшілігі бұған кəдімгі қызмет, кəсіп түрі, артықшылықтарға ие болудың бір жолы, мансап ретінде қарайды. ХХ ғасыр басында орыс отаршылдығының озбырлығы барған сайын арта түскен шақта ұлтшыл азаматтар арғы тегіміздегі Алаш атымен бірігіп, ұлттық идеяны ту етіп бас көтерді. Осы зиялы топтың көшбасшысы Əлихан Бөкейханов: «Біз, хан тұқымы, қазақтың үмітін ақтап, елдігін, тəуелсіздігін сақтап қала алмадық, қарызымызды ақтау үшін көшін бастай алмасақ та, қосшысы боламыз» деуі де оның асқақ мұратын халық тағдырымен байланыстыруынан. Сол тұстағы зиялылардың алдыңғы сатында қазақтың жалпытүркілік тұтастық идеясын көтерген Мұстафа Шоқай, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі – Пайдалан шаруаңа жараса, Алаш!» деп, ұлтын оятқан Міржақып Дулатұлы, ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Асан Қайғыдан кейін қазақтың шекарасын белгілеп берген Əлімхан Ермеков, «Алаш туы астында күн сөнгенше сөнбейміз!» деп ұран салған Сұлтанмахмұт Торайғыров жəне т.б. тұрды. Ар, намыс, əділет, адами қадір-қасиет, өз ұстанымына адалдық, тұрақтылық, тектілік – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының басты ерекшелігі. Қуғын-сүргінде, азап лагерьлерінде, түрме тозағында, тергеу камераларында олар өздерін нағыз ер-азамат сияқты ұстады.
Олар ешқашан өздеріне интеллигент, элита атағын таққан жоқ жəне бұған заман да мұрша бермеді. Ұлт-азаттық қозғалысының басшылары Əлихан , Ахмет Байтұрсынов , Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышбаев, Бахытжан Қаратаев, Халел жəне Жанша Досмухамедовтер жəне басқалары – негізінен Петербург, Мəскеу, Варшава, Қазан, Омбы мен Орынбор жоғары оқу орындары, училищелерінің түлектері». Олар өз қызметінің басты мұраты қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақтау, сонымен бірге тарихи өткенін қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санаған..Басқа сөзбен айтқанда қазақтың тұңғыш интелегенттері сол кезеңнің ұлттық сұраныстарына жауап беруге тырысты. Халқымыздың өз еркіндігі үшін күрес жолында мəңгі өлмейтін терең із қалдырған қайраткерлердің бірі – Əлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. «Алаштың Əлиханы» атанған ол бүкіл қазақ елінің саяси қайраткері ретінде де жəне осы күрес жолындағы ұлттық зиялылардың көш бастаушысы да бола білді. Ə. Бөкейханов пен оның серіктері өмір сүрген дəуірде қазақ қоғамы алдында тұрған ең өзекті мəселе – ұлттық теңдік жəне саяси бостандық еді. Алайда қазақ елінің ғасырлар бойы мыңдаған асыл азаматтары басын тіккен биік арманы – ұлттық мемлекеттікті қалпына келтіру ісі Алаш қозғалысы, Алашорда үкіметімен жəне кейіннен жаппай атылып-асылып кеткен ұлттық зиялыларымыз бен оның көшбасшысы Ə. Бөкейхановтармен бірге тарих қойнауында, тоталитарлық өктемдік пен империялық зомбылықтың шаңына көміліп қала берді. Бүгінгі тəуелсіздік таңы атқан, өз билігі өз қолындағы қазақ елі үшін ең бірінші мəселе төл тарихымыз бен туғана ана тілімізді жаңғырта отырып, ұлттық идеологияны қалыптастыру болмақ. Ол үшін, əлбетте, қазақ елінің тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ ұлттық саяси элитасының, соның ішінде ХХ ғасыр басындағы зиялылалырымыздың жəне олардың көсемі болған Əлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси жəне ғылыми- ағартушылық қызметін танып білу, олардан үлгі-өнеге алу бүгінгі күннің басты талаптары болмақ. ХХ ғасырдың басында ұлт тілінде шыға бастаған биресми «Қазақ» газетіне Ə.Бөкейхановтың сол кезеңнің басты-басты саяси мəселелерін көтерген мақалалары жарық көрген. Сонымен қатар Ə.Бөкейхановтың ғасыр басындағы қазақ комитетері мен қазақ съездері Уақытша үкімет тұсындағы мемлекеттік-саяси қызметтері туралы көптеген диссертациялардың қорғалғанын айтуға болады. Ə.Бөкейханов туралы пікір Қазақстан тəуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде ғана объективті түрде жазылып, ғылыми жүйеге түсе бастады оған дəлел шығармалар жинағының жарық көруі.
Петициялар беру, соның ішінде Қарқаралы петициясы, XX ғасырдың бас кезіндеті Қазақстанның саяси өміріндегі аса маңызды кезендердің бірі болды. Оларда қазақ қоғамының өмірлік маңызы неғұрлым өткір проблемалары нақты да қысқаша тұжырымдалған түрде баяндалды. Жоғары дәрежелі мемлекеттік органдардың атына петициялар жолдау қазақ халқының саяси сана-сезімінің оянып, күшейе түскенін көрсетті. Мұның өзі халықтың құқықтарын қорғауға қабілетті екенін айқын көрсетті.
Патша үкіметі қазақ халқының пікірімен санасуға мәжбүр болды. Петициялардың мәтінін жазғандар батылдық мен ұйымшылдықтың үлгісін танытты. Бірақ патша үкіметі петицияларда қойылған талаптарды орындауға құлық таныта қойған жоқ. Ол талаптар Ресей империясының отаршылдық саясатына сай келмейтін еді. Солай бола тұрса да петициялық қозғалыс жағымды рөлін атқарды — қазақтар Ресейдің I, II Мемлекеттік Думаларына депутат болып сайланды. Халық бұқарасына басшылық етуде, отаршыл билік орындарына ұйымдасқан түрде петициялар жолдаудың басы-қасында қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілдері ерекше белсенділік көрсетті.
Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында (1905 — 07) қолға алды. 1905 жылғы 6 тамыздағы Мемл.екеттік Дума құру жөніндегі патша манифесі басқа ұлттармен бірге қазақ еліне де депутат сайлау құқын берді.
“Алаш” партиясының обл. ұйымдары 1917 жылдың қазан айынан қалыптаса бастады. Бөкейхановтың тікелей ұйымдастыруымен және басшылығымен шамамен қазанның 12-20 аралығында партияның обл. ұйымдары алдымен Семейде, кейін Омбыда, ал қарашаның 10-на қарай Орынборда ашылды. Семей обл. партия к-тінің төрағасы болып Халел Ғаббасов, Омбы обкомының төрағасы болып Айдархан Тұрлыбаев, ал Торғай обкомының төрағасы болып Әлихан Бөкейханов сайланды. Партияның арнайы съезін шақырып, басқару орындарын сайлауға, жарғысы мен бағдарламасын бекітуге уақыттың қолайлы жағдайдың болмауынан Орталық комитет құрылмады. 1-жалпықазақ съезі Бүкілресейлік Құрылтай жиналысында депутаттыққа кандидат есебінде тіркелген топ партияның басқарушы ұйтқысы болды
1917 жылы 21-28 шілдеде Бірінші Жалпықазақ съезінде «Алаш» атты партия құрылып, бұл сиезде 14 мәселе қаралды. Осылардың ішінде ерекше атайтынымыз:
1) Мемлекет билеу түрі;
2) Қазақ облыстарында автономия;
3) Жер мәселесі;
4) Оқу мәселесі және т.б.
Жер мәселесі Құрылтай съезіне қалдырылды. Күн тәртібінде айрықша мәнге ие болған дін, оқу-ағарту, әйел мәселелері және сот жүйесі болды. Бұрынғы ескі сот жүйесі таратылып, олардың орнына «Қазақ тұрмысына лайық айрықша сот құрылуға» тиіс болды. Келесі мәселе оқу-ағарту саласы: «міндетті бастауыш оқу енгізу», «бастапқы екі жылда оқу баланың ана тілінде» жүргізілу керектігі айтылып, тіл мәселесін айрықша назарға алған және білім берудің тегін болуы талап етілген.
Партия тарихы
1. Мемлекет қалпы
2. Жергілікті бостандық
3.Негізгі құқық
4. Дін ісі
5. Билік һәм сот

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет