Оқу жоспары – оқу жылының, тоқсандар мен демалыстырдың ұзақтығын, оқу пәндерінің құрамын, әрбір сынып бойынша апталық сағат санын анықтайтын құжат.
Оқу бағдарламасы - пәндер бойынша оқытылатын тақырыптардың мазмұнын анықтайтын құжат.
Оқулық – оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқыту әдісі – оқытудың мақсатына жету жолдары. Оқыту әдістері «Қалай оқыту керек?» деген сұраққа жауап береді.
Өзін-өзі тәрбиелеу - өзінің тұлғалық сапаларын өзі жетілдіру және кемшіліктерін жою мақсатындағы оқушының іс-әрекеті.
Өлшем– зерттеу обьектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі.
Парадигма (грекше paradeigma – үлгі) – негізгі ғылыми жетістіктердің (теориялар, әдістер, концепциялар) жүйесі. Парадигма ұғымын енгізген американдық ғалым Т.Кун.