Педагогика


Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі



бет34/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

Дәріс №12 Тәрбиенің мақсаты, оның әлеуметтік тұрғыдан негізделуі


Жоспар:

  1. Тәрбиенің мақсаты

  2. Педагогикалық ой пікірлер тарихындағы тәрбиенің мақсаты мен міндеттері

  3. Тәрбиенің қазіргі кездегі мақсаты



Мақсаты: тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін анықтау. Тәрбиенің мақсаты мен қоғамның дамуының арасындағы байланысты түсіндіру.


Негізгі ұғымдар: тәрбиенің мақсаты, әлемдік мәдениет, ұлттық мәдениет, жалпыадамзаттық құндылық, ұлттық құндылық, жан-жақты үйлесімді дамыған тұлға.

Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан-жақты дамыту, әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын етіп тәрбиелеу деп қарастырады.


Тәрбиенің негізгі мақсаттары:
а) жастардың дүниеге көзқарастарын қалыптастыру;
ә) тұлғаның рухани және дене қабілеттерін жан-жақты дамытып, эстетикалық талғамдары мен сезімдерін қоғамның талаптарына сай тәрбиелеу.
Тәрбие қоғамдық құбылыс болғандықтан, тәрбиенің мақсаты қоғамның дамуымен бірге өзгеріп отырады.
Мектептегі тәрбиенің басты міндеттері:
а) теориялық білімді еңбекпен, өмірмен байланыстыра жүргізу;
ә) политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру;
б) кәсіптік бағдар беру;
Тәрбие мақсаты мәселесі педагогикада ежелден талданып келеді. Құл иеленушілік және феодалдық дәуірде басқарушы тап тәрбиені және оның мақсатын ашық түрде өз қажеттіліктеріне орай бейімдеді. Ақыл-ой тәрбиесі тек ақсүйектер еншісінде болды. Қарапайым халық тек дене мен еңбек тәрбиесін қалыптастырды. Көпке дейін тәрбие мақсатын құру абстрактілік-философиялық негізде іске асырылды, сондықтан оның нақты және ғылыми негізделуін қажет етпеді. Неміс педагогы В.Рейн (1847-1929) «тәрбие тәрбиеленушіден нағыз жақсы, өз халқы үшін пайдалы жұмыс істей алатын шынайы және мейірімді адамды қалыптастыру керек», - деп жазды. Америка педагогы Эдвард Торндайк : «Тәрбие, жалпы алғанда, адамда басқа адамдарға деген мейірімділікті, игілікті және таза ләззат алуға ұмтылысты дамыту қажет», - деп айтты. Кейбір батыс ғалымдары тәрбие мақсатын анықтау қажеттілігін жоққа шығаруға тырысты.
Американ педагогы Джон Дьюи (1859-1952): «Адам өзінің туа біткен түйсіктерінің (инстинкт) құлы болып табылады және оның табиғаты өзгеріске келмейді», - деп тұжырымдады.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында және ХХ ғасырдың басында «еркін тәрбие» теориясы қалыптасады, оның негізінде Ж.Ж.Руссо ұсынған баланың табиғи ой және адамгершілік мүлтіксіздігі (совершенство) жатыр.
Оны құрастырушылар: Э.Кей (Швеция), К.Н.Венцтель (Ресей), М.Монтессори (Италия) және т.б. Еркін тәрбие теориясының ұстанушылары бала қалыптасуының әлеуметтік негіздерін қабылдамады және тәрбиенің негізгі мақсатты нұсқамасы ретінде балалардың айқындалып жатқан қызығушылықтар мен қабілеттіліктерінің спонтанды дамытуды, еркіндіктерін ештеңемен шектемеуін ұсынды.
Бүгінгі таңдағы педагогикалық еңбектерде тәрбиенің ортақ мақсаты жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу деп айқындалып отыр.
Қазіргі кезде қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістерге байланысты тәрбиенің мақсаты да өзгереді. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы, «Білім туралы», «Жастар саясаты туралы» Заңдардың қабылдануы тәрбиенің мақсатын қайта қарастыруды талап етеді. Сонымен қазіргі кездегі тәрбиенің мақсаты - дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының білім беру мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағдарламасында (2001) тәрбиенің жалпы мақсаты – полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру деп анықталған.
Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс. Ерекшеліктері: көпфакторлы процесс, ұзақ, үзіліссіз, комплексті, нәтижесінің бірмәнді және анық болмауы, екіжақты.
Заңдылық - процестің маңызды бөлшектерінің арасын байланыстырып отырады. Тәрбие процесінің заңдылықтары:
1) Тәрбиенің қоғаммен байланысы;
2) Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігі;
3) Іс-әрекеттің маңызы;
4) Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру;
5) Ұжым мен жеке адамның өзара байланысы;
«Принцип» сөзі латын тілінен аударғанда ереже, талап деген мағынаны білдіреді. Тәрбие принциптері дегеніміз - тәрбие процесіне қойылатын негізгі талаптар. Тәрбиеші тәрбие принциптерін басшылыққа ала отырып, тәрбие жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады.
Тәрбиенің мақсаттылық, өмірмен байланыс, ұжым арқылы тәрбиелеу, тәрбиеленушінің тұлғасына қойылатын талаптар мен құрметтің бірлігі, тәрбиелік ықпалдардың жүйелілігі, беріктігі, үздіксіздігі және оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін ескеру принциптері бар.


Бақылау сұрақтары
1. Тәрбие, “тәрбие мақсаты”, “әлеуметтендірудің” түсініктерді айқындау.
2. Тәрбие мақсатының мәнін ашыңыз.
3. Тәрбие мақсатының әдіснамалық қалыптасу негізіне сипаттама беріңіз.
4. Материалдық және адамдық мәдениет арасын ашыңыз.
5.Сынып ұжымының сипаттамасы бойынша тәрбие мақсатына ықпал ететін негізгі факторларды атаңыз.
6.Жалпы және жеке тәрбие мақсатының өзара байланыс схемасын құрастыру.


Әдебиеттер
1.Педагогика. Дәріс курсы. Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003
2. Қоянбаев Р.М. Педагогика. Алматы, 2006
3.Дайрабаев Е. Педагогиканың жалпы негіздері. Алматы, 2005
4. Құрманалина Ш. Педагогика. Астана, 2010
5.Коджаспирова Г.М. Педагогика – М., Кнорус. 2010
6.Ильина Т.А. Педагогика.- М., 2000
7.Лихачев Б.Т. Педагогика. Курс лекций. Уч. пособие.-М., 1999
8.Педагогика. Уч. пособие (Под. ред. Т.Н. Пидкасистого-2010)
9.Подласый И.П. Педагогика Учебник - Минск, 2010
10.Харламов И.Б. Педагогика. Учебник-Минск, 2010


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет