Педагогика


ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы



бет33/123
Дата08.02.2022
өлшемі1,65 Mb.
#118912
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123
Байланысты:
УМКД педагогика 2018

ІІІ бөлім. Тұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы


Дәріс №11 ТПҮ мәні мен құрылымы


Жоспар:

  1. ТПҮ – педагогикалық қызмет пен мұғалім іс-әрекетінің обьектісі.

  2. ТПҮ компоненттері, қозғаушы күштері, құрылымы, заңдары мен заңдылықтары.

  3. ТПҮ принциптері.



Мақсаты: Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің обьектісі туралы ұғымның қалыптасу тарихын қарастыру. Педагогикалық процестің мәні, оның құрылымдық компоненттеріне сипаттама беру.
Негізгі ұғымдар: мұғалім іс-әрекетінің обьектісі, педагогикалық үдеріс, педагогтар-оқушылар жүйесі, субьект-субьект қатынасы, педагогикалық жағдаяттар, педагогикалық үдерістің қозғаушы күштері, тәрбиелік механизмдер, кәсіби құзыреттілік.

Тұтас педагогикалық процесс (ТПП) дегеніміз ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті. "Педагогикалық процесс" деген терминді ХІХ ғ екінші жартысында ғылыми айналымға енгізген П.Ф.Каптерев. Қазіргі кезде ТПП мәні туралы әр түрлі зерттеулер баршылық. Орыс педагогтарынан С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, М.А.Данилов, Т.Лихачев, Ю.К.Бабанский, т.б. педагогикалық процесті зерттесе, қазақстандық педагогтардың ішінен ТПП зерттеген Н.Д.Хмель.


Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субьектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттамасы - оның білімі, іскерлігі, тұлғалық қасиеттері. Ал мұғалімнің іс-әрекетінің обьектісі педагогикалық процесс болып табылады. Мұғалім мен оқушы іс-әрекеттің субьектісі болады.
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы негізгі қарама-қайшылықтарды жеңу арқылы жүзеге асады. Қарама-қайшылық ТПП-тің қозғаушы күші.
ТПП құрылымы деп оны құрайтын жеке дара бөліктердің жүйесін, яғни оны құрайтын компоненттерді атайды: мақсат, міндеттер, форма, құрал, әдістер мен тәсілдер, мазмұн. ал ұстаздар мен оқушылар ТПП әлеуметтік бөліктеріне жатады.
Әр ғылымда қалыптасқан обьективті шындық заң деп аталады. Заңдар сол ғылымның теориясын құруға көмектеседі. теорияға категориялар, заңдар, заңдылықтар жатады. Педагогикалық заңдар педагогикалық процеспен байланысты. Пед. заңдар ХХғ. 20-шы жылдарынан бастап зерттелді. Заңдылықтар ТПП бөліктерінің ішкі және сыртқы байланыстарын құрайды. ПП-тің заңдары мен заңдылықтары принциптерде жүзеге асады. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Заңдар, заңдылықтар және принциптер өзара байланыста болады.


Бақылау сұрақтары
1. Педагогикалық процестің алғашқы анықтамасын жасаған кім?
2. Педагогикалық процестің ғылыми категория ретінде қалыптасуы туралы қандай пікірлер бар?
3. Педагогикалық процесс деген ұғымға анықтама беріңіз.
4. Не себепті педагогикалық ситуация педагогикалық процестің элементарлық бірлігінің рөлін атқарады?
5.Педагогикалық процестің мәнін қалай түсінесіз?.
6. Педагогикалық процестің қандай негізгі заңдылықтары бар?
7.Педагогикалық процесс деген не?
8.Педагогикалық процестің біртұтастығы деген нені білдіреді?
9.Педагогикалық процесті құрайтын үрдістердің спецификасы неде?
10.Педагогикалық процестің динамикасын сіз қалай анықтайсыз?
11.Неліктен педагогикалық процесс мұғалім қызметінің объектісі болып табылады?


Әдебиеттер
1. Педагогика. Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университет. Дәрістер курсы. - Алматы “Нұрлы әлем” 2003.
2. Хмель Н.Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. –Алматы “Ғылым” 2002.
3. Щукина Г.И. Активизация познавательной деятельности в учебном процессе. – М.:Просвещение., 2000.
4. Моделирование педагогических ситуаций. Проблема повышения качества и эффективности общепедагогической подготовки учителя. Под ред. Ю.Н.Кулюткина, Г.С.Сухобской. – М.:Педагогика, 2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет