5-тақырып. Мұғалімнің кәсіби біліктілігі 121
сат» деп
Райан мен Деки (2009)
«ішкі уәж» деп атайтын
қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс. Басқа-
ша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және
осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда бо-
лады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтиханнан құла-
мау түрткі болып табылатын сыртқы уәжден ажырата біл-
ген жөн. Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, оқу
материалын сабақта терең меңгергенін бақылау керек.
Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі бағандар-
мен негізделіп қамтылған оқу-тәрбие үрдісі. Оның құрамын-
да күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі эле-
менттері қамтылған: мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі,
түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс-әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі
болғанымен, бір жағынан оқытудың психологиялық-пе-
дагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан білім беру
стандартының қоятын талаптарына негізделген.
В.А. Сухомлинский: «Сабақ - бұл мұғалімнің жалпы және
педагогикалық мәдениетінің айнасы, оның интеллектуал-
дық, рухани байлығының өлшемі, оның дүниетанымы мен
эрудициясының көрсеткіші» дейді.
Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әре-
кеті, белсенділігі, мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу
нәтижесінде не істеуді үйренуге тиіс екені жазылады. Сабақ
мақсаттарын тұжырымдау барысында оқушылардың сабақ
соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәти-
желерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Бұл:
- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың не-