2-тақырып. Білім беру мазмұны мен оқыту технологиялары
63
ТАЛДАУ (анализ)
МАЗМҰНЫ
Зерттеу
нысанының
құрылымын
анықтау мақсатымен оны құрамдас
бөлiктерге жiктеу. Үйренуші әртүрлi
бөлiктердiң қалайша жұмыс iстейтiндi-
гiн және нәтижеге қалай жеткiзетiндiгiн
анықтайды, түсiндiредi.
Түсiнуден талдау мәлiметтi терең өңде-
умен, жан-жақты игерумен ерекшеле-
недi.
Талдаудың түрлерi:
1. Негiзiн тану - құрамдас бөлiктерге
жiктеу (мәлiметтiң негiзгi түсiнiктерi
арасындағы қатынастарды көрсету үшiн
оқушылар оның шеңберiнен шығуы ке-
рек), айтылған ойды дамыту.
2. Астарлы мағынаны ажырату /Под-
текст/ - екi тұжырымның қатынасын
көрсетудi талап етедi (тура көрсетiл-
меген шешiмдер, ассоциациялар, се-
беп-салдар келтiрiлуi мүмкiн).
3. Мотивация - себептердi айқындау.
Оқушы тура және жасырын (астарлы)
мағына мен әрекеттердi танып, өз ойла-
рын дәлелдер арқылы қорғауы керек.