Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді: Оқыту мен
бағалаудың
өзара
байланысы
Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен,
күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқы-
тудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек,
неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілі-
гі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға
қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге бола-
ды деген сұрақтарға жауап іздеу.
Шынайылық,
анықтық және
валидтілік
Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолда-
нылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсат-
тарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтыны-
на сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік
жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барын-
ша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты
дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді
бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты
жүзеге асыру: - нені бағалау қажеттігін нақты түсіну
және анықтауды; - бағалау критерийлерін құрасты-
ру және негіздеуді; - тапсырмаларды құрастыру және
рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.