Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен Ұлттық энциклопедияда «ғаламдасу» ұғымына қандай анықтама берілген?



Дата09.10.2019
өлшемі27,24 Kb.
#49544
Байланысты:
Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен
Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен, 037730394
Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен
1. Ұлттық энциклопедияда «ғаламдасу» ұғымына қандай анықтама берілген?

Жаһандану - әлемдік ауқымдану – жаңа жалпы әлемдік саяси, экономикалық,

мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі және әлемдік өркениеттің

аса маңызды өлшемдерінің жалпы адамзаттық өлшемге ие болуы



2. Дамыта оқыту технологиясының Л. В. Занков жүйесіндегі сабақтардың нәтижелілігінің басты көрсеткіштері:

Ойлай, пайымдай, нақтылай, жүйелей, дәлелдей білу



3. Педагогика ғылымының салалары:

Мектепке дейінгі педагогика, мектеп педагогикасы, педагогика тарихы,

дефектология, әскери педагогика.

4. «Акселерация» деген қай елдің сөзі, қандай мағына береді?

Латынның «жеделдеу, тездеу» деген сөзі;



5. Еңбек тәрбиесінің міндеті:

Барлық жауаптар дұрыс.



6. Белгілі ғалым М. Чошанов «Құзырлылық» деген ұғымға қандай түсінік беріп, формула ұсынды?

Білімді қолданудың жылдамдығы+әдістерінің оралылымдығы+ойлаудың сынаулығы.



7. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2010ж. дейінгі мемлекеттік бағдарламасында 12 жылдық мектепке өтудің негізгі мақсаттары мен басты басымдылықтарын көрсетіңіз?

Барлық жауаптар сәйкес келеді.



8. Қ. Р.- ның «Білім туралы» Заңының 12 бабында білім деңгейлері қалай белгіленген?

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш білім беру, негізгі орта білім беру, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру.



9. Дене тәрбиесінің негізгі құралдары:

Дене жаттығулары, гимнастика, ойын, туризм, табиғи факторлар;



10. Ж. Б. Қоянбаев оқулығында «білім бағалау» ұғымына қандай сипаттама берілген?

Оқушы жұмысындағы дербестікті, тапсырманы дұрыс орындау, нәтижесі білімнің сапасын анықтау;



11. Білім алудың көзіне қарай оқыту әдістері қалай жіктеледі?

Сөздік, көрнекілік, практикалық;



12. Ақыл - ой тәрбиесіне қандай ұғым кіреді?

Зер салып ойлау, ақыл - ой күштері;



13. Оқытудың жаңа технологияның меңгеру мәдениетінде мұғалімнің қызметіндегі сүйенетін негізгі принциптері:

Дамыта оқыту идеясына негізделген технологияларды тиімді пайдалану, оқушының жеке басын дамыту үшін іздену, бағыт беру;



14. Ж. Б. Қоянбаев оқулығы бойынша ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерінің ішінен «эксперимент» сөзінің анықтамасына қайсысы сәйкес келетінін табыңыз?

Эксперимент дегеніміз нақты жағдайды есепке алып, педагогикалық үрдісті зерттейтін ғылыми тәжірибе.



15. Мектепте оқушыларға кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіптік диагностиканың зерттейтін объектісін көрсет:

Әрбір оқушыны зерттеу;



16. Сөздік әдістер тобына қайсысы сәйкес келеді?

Түсіндіру, баяндау, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс;



17. Ю. К. Бабанский оқыту әдістерін тұтас педагогикалық әрекеттің тәсіліне қарай қалай жіктейді?

Оқу – танымдық әрекеттерді ұйымдастыру, оқуға ынталандыру, оқытудағы бақылау және өзін - өзі бақылау;



18. Тәрбиенің шығу, дамуын зерттейтін сала:

Педагогика тарихы;



19. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оқу материалының көлемінің анық болуы. Оны қалай түсінесің?

Оқушының білім деңгейін жас ерекшелігін есепке алып, сабақтың әрбір құрылым бөлігіне оқу материалын таңдау


20. Жарыс әдісі:

Өз нәтижесін басқалардың нәтижелерімен салыстыра отырып тұлға қасиеттерін қалыптастыру және бекіту


1. Оқытуды ұйымдастырудың сабақтан басқа формаларына не жатады?

Факультатив, семинар, саяхат, үй оқу жұмыстары.



2. Қай жауап оқыту принциптерінің анықтамасы бола алады?

Оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға қажетті ең негізгі

дидактикалық талаптар жүйесі;

3. Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған:

Оқушылардың жалпы дамуының төмендігі;



4. Нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма қай әдістер тобына жатады?

Тәрбиеленушінің мінез - құлқындағы жағымды тәжірибені

қалыптастыру әдісіне

5. Педагогикалық ықпал жасау құралдарына нелер жатады?

Мұғалім, ата - ана, ересек адамдардың сөзі, өнегесі;



6. Тәрбие әдістері бойынша педагогикалық бақылау түрлерін көрсет?

Тікелей, ашық, жасырын, қысқа, ұзақ, мерзімді



7. Қиыншылық кездессе, бастаған ісін аяғына дейін орындамайтын бала (қандай) темпераменттің қай типіне жатады?

Сангвиник



8. Қ. Р.- ның 2002ж. «Баланың құқықтары» туралы Заңының І - Т І - бабында «Патронат» деген ұғымға қандай сипттама берілген?

Ата - ананың қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік

органмен баланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам жасасатын

шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі

тәрбиешінің нысаны

9. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ баласын оқуға тартуға, оқу құралдарын жазуға, дүние ғылымдарын үйретуге арнаған:

Ыбырай


10. Негізгі педагогикалық ұғымдарды атаңыз:

Тәрбие, білім беру, оқыту



11. Қ. Р. «Білім туралы» Заңының І - бабында «Білім беру қызметі» ұғымына қандай анықтама берілген?

Білім беру субъектілерінің мақсатты, педагогтік негізделген, дәйекті

өзара іс - қимылы барысында жеке адамды оқыту, дамыту және

тәрбиелеу міндеттері шешілетін процесс



12. Көрнекіліктердің түрлері:

Табиғи, заттық бейнелік, символикалық, кестелік, экранды -

динамикалық

13. Мұғалімнің проблеманы қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі:

Проблемалық мазмұндау

14. Дидактикалық тест:

Оқу материалын игеру деңгейін анықтайтын стандартталған тапсырмалар жинағы



15. Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, тәжірибеде қолдану –

Білімді игеру процесінің кезеңдері



16. Профессор Ж. А. Қараевтың педагогикалық технологияға берген анықтамасын табыңыз:

Педагогикалық технология дегеніміз - әдістемелік жүйе мен сәйкес

дидактикалық үрдістер кешенінің тәжірибеде жүзеге асырылатын

жобасы.


17. Қ. Р - дағы «Баланың құқықтары туралы» Заңның 7 тарауында 2002ж. қандай мәселелер айтылған?

Бәрі де сәйкес келеді.



18. Құқықтық тәрбиенің формалары:

Құқықтық лекториялар, кинолекториялар, заңтану мектебі, білім беру клубтары



19. Білім беру мазмұнын анықтауға әсер ететін фактор:

Барлық жауаптар дұрыс.



20. Оқу - тәрбие жұмысын жүргізудің ерекше өнері:

Педагогикалық шеберлік


1. Мектеп пен мұғалім жұмысын бағалау тетігі?

білім стандарты



2. Оқу - тәрбие процесінің белсенді субъектілері?

оқушылар мен мұғалімдер



3. Қай топ оқушының негізгі іс - әрекеттерін құрайды?

ойын, оқу, еңбек



4. Педагогикалық процестiң құрауыштары?

мақсат, мiндет, мазмұн, әдiс, форма, нәтиже



5. Педагогика алғашқыда мына ғылым саласында дамыды?

философия



6. Педагогикалық зерттеулер нәтижесінде нелер тағайындалады?

заңдылықтар



7. Педагогиканың негізгі категориялары?

тәрбие, білім беру, оқыту



8. Білім беру мен оқыту теориясын зерттейтін педагогика саласы?

дидактика



9. Педагогикалық үрдістердің негізгі ерекшеліктері?

қайталанбайтыны, әркелкілігі



10.“Дамыта оқыту” теориясының негізін салған орыс ғалымдар?

В. Занков, В. Давыдов



11. Тұтастықты қалыптастырып, әр түрлі білімдерді біріктіру?

интеграция



12. Педагогикалық проблемаларды шешу барысында алынатын жетекші теория?

парадигма



13. Жалпы ережелерден жеке қорытынды жасау әдісі?

дедукция


14. Басқару кезінде іс - әрекет барысын үздіксіз қадағалау?

мониторинг



15. Мониторинг әдісінің негізгі белгілері?

кері байланыс пен бағалау



16. Негізге алынып, іс - әрекетке бағалау жүргізілетін белгі?

Критерий


17. Мектептің техникалық паспортының сақталу мерзімі қандай болады?

Тұрақты


18. Сивков кестесі бойынша шет тілі пәнінің қиындық деңгейі?

10 упай


19. Мектептегі ен жоғары басқару органы?

Педагогикалық кеңес



20. Кез келген кызметтің жүйе құраушы компоненті не?

мақсат
1. 12 жылдық орта жалпы білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша бастауыш білім берудің негізгі мәні неде?

Білім алушының даралығын ашу, және оқу әрекетін игерту

2. 12 жылдық орта жалпы білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша коммуникативтік құзіреттіліктің негізгі аспектілері қай қатарда дұрыс көрсетілген?

Жазбаша қатынас, көпшілік алдында сөз сөйлеу, диалог, өнімді топтық қатынас



3."Психика"ұғымы қай елдің сөзі және қандай мағынаны білдіреді?

гректің "псюхе"- жан деген ұғымды білдіреді



4. Психология ғылымында кең тараған, адамның жан дүниесі туралы айтылған "Өзіңді - өзің танып біл" пікірін айтқан кім?

Сократ (грек ойшылы)



5. Психиканың құрамдас негізгі бөліктеріне не жатады?

Психикалық процестер, психикалық кейіп, психикалық қасиеттер



6. Зейін көлемін қандай аспаппен зерттейді?

тахистоскоп аспабы



7. Жануарлар психикасының түрлері қай қатарда дұрыс көрсетілген?

инстинкт, дағды, интеллект



8. Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелерді қабылдау түрін көрсетіңіз?

Галлюцинация.



9. Апперцепция дегеніміз не?

Қабылдаудың адамның жалпы психикалық тұрмысы мен өткен тәжірибесінің мазмұнына байланыстылығы



10. Ресей психологы Р. С. Немовтың көрсетуі бойынша ойлау процесінің формалары қай қатарда дұрыс берілген?

Ұғым, пікір, ой қорытындысы



11. Аккомодация дегеніміз не?

Көздің түрліше қашықтықтағы заттарды көруге бейімделу қабілеті



12. Объективтік шындықты бейнелеп, оның әсемдігі мен сұлулығын, жарасымдылығы мен сенімділігін қабылдап, оған әсерленудегі көңіл - күйді не деп атайды?

Эстетикалық сезім



13."Темперамент адамның дене конституциясымен тығыз байланыста болады және пикник, атлетик, астеник болып үшке бөлінеді" деп атап көрсеткен ғалымды белгілеңіз?

Неміс психологы Э. Кречмер



14. Темпераменттің типтері қай қатарда көрсетілген?

холерик, меланхолик, сангвиник, флегматик



15. Бастауыш мектеп шағы бала өмірінің қандай жас аралығын қамтиды?

6 - 10 жас аралығы



16. Бастауыш мектеп шағындағы психологиялық жаңа құрылымдарға қайсысы жатады?

Еркіндік, іс - әрекетті іштей жоспарлау, рефлексия.



17. Психологияда қандай жас кезеңін "Сыналатын кезең" деп атайды?

Жеткіншектік жас



18. Жас ерекшелік психологиясы қашан дүниеге келді?

ХІХ ғасырдың аяғында



19. Отандық психолог Қ. Жарықбаев бойынша қабылдау дегеніміз не?

Қабылдау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында тұтастай бейнеленуі



20. Сөйлеу процесінің физиологиялық негізін дәйектеп түсіндірген кім?

Орыс ғалымы И. П. Павлов


1. Орта сынып жасындағы бала зейінінің ауыспалылығы көбіне неге байланысты болады?

Күшті әсер еткен заттарға



2. Педагогикалық қабілеттілікте мұғалімнің қандай қасиеттері жетекші роль атқарады?

Коммуникативтік, перцептивтік



3. Педагогикалық психологиядан ең бірінші рет оқулық жазған кім?

П. Ф. Каптеров



4. Оқыту дегеніміз не?

адамға белгілі бір іскерліктер мен дағдыларды беру



5. Сәбилік шақта жетекші іс - әрекет не болып табылады?

заттық іс - әрекет



6. Балалар ұжымының ересектер ұжымынан айырмашылығы неде?

балалар ұжымы нақты өндірістік қарым - қатынасқа тікелей шыға алмайды



7. Кіші топтардағы психологиялық, әлеуметтік жағдайларды зерттейтін психологияның қай саласы?

әлеуметтік психология



8. Ағылшын психологы Дж. Кеттелл ойлап тапқан психодиагностиканың негізгі әдісі қай қатарда көрсетілген?

Интеллектуалдық тест,



9. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқытудың негізгі мақсаты қай қатарда көрсетілген?

Мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларымен қамтуды дәйекті түрде ұлғайту жолымен балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;



10. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жалпыға бастауыш білім беру бағдарламасы неге бағытталған?

Баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, оның жеке қабілетін ашуға және оны дамытуға бағытталады;



11. Психологияның саласы қай қатарда дұрыс көрсетілген?

Жас ерекшелік психологиясы



12. Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында көрсетілген білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принципі қай қатарда дұрыс көрсетілген?

Әрбір азаматтың интеллектуалдық дамуы, психикалық - физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қол жеткізуі



13. 12 жылдық орта жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша негізгі орта мектепті бітіруші оқушыларды әлеуметтендіру нәтижесі қай қатарда көрсетілген?

Негізгі орта мектепті бітірушінің құрбыларымен қарым - қатынас мәдениетін білуі, жаңа әлеуметтік рөлдерді игере білуі, әлемдік көзқарастағы проблемаларға, құрбылар ұжымындағы өзіндік әлеуметтік мәртебесіне саналы қызығушылығын таныта білуі



14. Психология ғылымының 3 түрлі ерекшелігі бар. Олар қай қатарда көрсетілген?

Адамтану жайындағы ғылымдар арасында жетекші орынға ие, 2. Эксперименттік ғылым, 3. Пәннің дербестігі



15. Ақыл - ой әрекетінің кезеңмен қалыптасу теориясының авторы кім?

П. Я. Гальперин.



16. В. Вундт қай жылы тұңғыш психологиялық лаборатория ұйымдастырды?

1879 ж


17. Адамның сезім күйлерін қандай аспаппен зерттейді?

пнеймограф аспабы



18. Рефлекс дегеніміз не?

сырттан немесе іштен келген тітіркендіргіштерге организмнің қайтаратын жауап реакциясы



19. Бинокулярлық көру дегеніміз не?

Кеңістіктегі заттардың көлемін екі көзбен көру



20. Түйсіктердің қосарланып жүруін психологияда не деп атаймыз? синестезия
1. Іс - әрекеттің жан қабілеттерімен байланысын зерттеуші ғылым?

психология



2. Психологияның дербес ғылым болып қалыптасқанына:

екі жүз жылға жуық



3. Психология ғылымының міндеті –

психологиялық құбылыстардың объектив заңдарын ашу



4. Психика рефлекстігі мен іс - әрекетінің психикалық басқарылуы жөніндегі идеяның авторы:

М. И. Сеченов



5. Екі сигналдық жүйе теориясының авторы:

И. П. Павлов



6. Тітіркену – бұл:

барша мәнді биологиялық әсерлерге жауап беру



7. Сезімдік психика кезеңіне тән процесс:

түйсіну


8. Адамдағы танымдық процестер белсенділігі мен танымдық даму теориясын ұстанған бағыт?

когнитивтік



9. Барша психикалық болмыс нақты даму процесінде пайда болады, жасайды және өзгереді деп тұжырымдаған ғалым?

Ломов


10. Тіршілік көрінісін сырттай танытушы категория?

әрекет


11. Барша тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өмірлік байланыстар жасап әрі оларды оз қажетіне орай өзгерте алу қабілеті?

белсенділік



12. Білімдер мен дағдылардың қалаған нақты әрекетте көрінуі?

ептілік


13. Адамдар арасындағы іс - әрекет қажеттігінен туындаған тіл байланыстарының бастау көзі?

сөйлесу


14. Адамдардың өзара ықпал жасау қатынасын қамтамасыз етуші тіл қызметінің түрі?

ақпараттық



15. Созбаяндағы іркіліс, ырғақ, тыныс белгілерімен көрінетін адам психикасының түрі?

көңіл күй



16. Сананың белгілі мезетте қажет объектке бағытталуы?

зейін қою



17. Іс - әрекетті бақылау және реттеу кызметін атқарушы психикалық процесс?

зейін


18. Адам санасындағы ойлар мен бейнелерге бағытталатын зейін түрі?

интеллектуалды



19. Ырықсыз зейіннің туындау негізі?

адам мақсатына тәуелсіз



20. Педагогика алғашқыда мына ғылым саласында дамыды?

философия

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет