Педагогикалық анимация технологиясының негіздері. Жоспар


Бос уақытты өткізу мекемелері аясында адамдарды ұйымдастырудың жолы және тәсілдері



бет9/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,93 Kb.
#95259
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
1-2 лекц

3.Бос уақытты өткізу мекемелері аясында адамдарды ұйымдастырудың жолы және тәсілдері
Бүгінгі күнгі педагогика адамның қалыптасуын бүтіндей бір процесс деп қарайды, ал бұл тәрбие жұмысының өзара байланыстылығын, мақсатты түрде ықпал етуді, белгілі бір жүйелілік арқылы ұйымдастырудың қажеттілігін алдын-ала талап етеді.
Әлеуметтік анимациялық қызметіндегі ұйымдастыру деп әлеуметтік мекемелердегі өзара айқын байланысын басқарудың тиімді жүйесін және клиенттермен өзара қатынастарға қол жеткізетін педагогикалық процестің элементтерін барынша үйлестіріп реттелуін айта аламыз.
Анимациялық қызметі әдістемесі- бұл мақсатты айқындайтын, идеялық-эмоционалды әсер етудің түрін, құралдарын іріктейтін,клиенттердің сұранымы мен талғамын есепке ала отырып, оны қанағаттандыруға қатысты адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуге, белсенділігін арттыруға, айналадағы болып жатқан құбылыстарды қабылдауға барынша жағдай жасауға, адамның жан-жақты дамуына жеке уақытын қызықты өткізуге байланысты, оның қайсыбір әрекеттердің әдісін, әдістемесін, тәсілін қамтитын шығармашылық процесс.
Анимациялық қызметі әдістемесінің құрамдас бөліктері;
- Бірінші қолданылатын педагогикалық факторлар жйынтығы, клиенттерге ықпал етуді қалыптастыратын бастаулар мен негіздер;
- Екінші, адамдар арасында көп қырлы қатынасты ұйымдастырудың және осы қатынасты басқарудың әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы. Мұндай әдістер мен тәсілдер әлеуметтік мекемелердің әлеуметтік және педагогикалық мақсаттарға Жетуіне бағытталады;
- Үшінші, Анимациялық қызметтің даму жолдарын айқындап және оны басқарудың принциптері мен ережелерінің жиынтығы.
Құрылымның бұл бөліктері бір-бірімен органикалық түрде байланыса отырып Анимациялық қызметі әдістемесінің дұрыс қолдану мүмкіндігін жасайды.
әдістемелер жалпы әдістеме,жекелей әдістеме, салалық әдістеме, ересектермен жұмыс істеу әдістемесі, балалармен және жасөспірімдермен жұмыс істеу әдістемелері болып бөлінеді.
Жалпы әдістеме әлеуметтік жұмыстың әдістемелік құрылымының негізгі заңдылықтарын, Анимациялық қызметіндегі педагогикалық процестің негізгі факторларын әлеуметтік қызметті басқарудың жан-жақты әдістерін зерттеп қарастырады.
Жекелей әдістеме әлеуметтік мекемелердің күнделікті жұыстарының егізгі бағыттарын талдап,сипаттайды. Жекелі әдістемеге; ақпараттық-ағарту жұмыстары әдістемесі; шығармашылық өнерпаздыққа жетекшілік әдістемесі; демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру әдістемелері жатады.
Салалық әдістемеге әлеуметтік мекемелердегі эстетикалық тәрбие төңірегіндегі, ұлттық мәдениетті дамыту, салт дәстүр, рәсімдерді өмірге енгізу бағытындағы жұмыстардың ерекшелігі жатады. Сонымен қатар жұмыс істеу әдістемесі жалпылама немесе жекелей сипатта болуы мүмкін.Әдістемелік тәжірибенің және әдістемелік ұсыныстарды тексерудің негізгі қайнары-әлеуметтік Анимациялық қызметінің практикасы болып саналады.Оны ойластырудың мәні тәжірибелік және теориялық деңгейде қарастырылуы мүмкін.
Тәжірибелік деңгей- бұл практиканы тікелей ойластыру және түсіндіру.Тәжірибелік денгейдің тиімді жэағы жағдайы шұғыл түрде есепке алуда нақтылығы өзіндік ерекшелігі, нәтижесінің шығармашылық сипатта болуында.Әдістеменің теориялық негізделуі үшін педагогика, психология,социология,мәдениеттану,этнография және т.с.с. социологиялық зерттеудің соны нәтижелерін қолдана отырып нақты материалды ойластыру қажет.Әдістемені жазу төмендегі кезеңдерді қамтиды; іс-шараны сипаттау, тәжірибені ойластыру,ұсыныстар енгізу –эксперименттік тексеру-қорытындыны тұжырымдау.
Енді осы Анимациялық қызметі әдістемесінің қалыптасу кезеңдеріне тоқталайық.
- Қандай да болсын қызықты іс-шараны сипаттау. Теориялық сипаттамада Анимациялық қызметі әдістемесінің жалпы заңдылықтары айқын көрінген тұстары жазылады. Әдістемелік сипаттама кең көлемде жазылуымен ерекшеленеді.
- Тәжірибені ойластыру-бұл ең шығармашылық кезең, бұл кезеңде топтастыру-ортақ ерекшеліктерді іздестіру, біртекті іс-шараларды топтастыру, тәрбиелік міндеттерді насихатшы, үгітші, консультанттардың әрекеттері арқылы іске асыру шарттары, іс-шараның өту барысындағы қатынасушылардың әрекеттері- қол жеткізген жетістіктер арасында өзара байланыстың себеп салдарын іздестіру.
- алдын ала ұсыныстар енгізу немесе ғылыми жорамалдар, болжамдар жасау. болжамдар да, әдістемелік ұсыныстар да жалпы педагогикалық заңдылықтар мен басқа да тәрбие орындарының тәжірибелеріне сүйенуіне болады.
- эксперименттік тексеру. Мұндай тексерістен кез-келген теориялық және әдістемелік жаңалықтар өткізіледі.
- Қорытынды тұжырымдау.Қорытынды пікірлер нақты әдістемелік немесе жалпылама-теориялық болуы мүмкін. Кез-келген жағдайда оларды практикадағы эксперименттік тексеруден кейін анықтауға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет