Педагогикалық анимация технологиясының негіздері. Жоспар


Бос уақыт және анимациялық ұғымы, деңгейлері



бет7/12
Дата07.02.2022
өлшемі53,93 Kb.
#95259
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1-2 лекц
Муханбетова Жанар Лексикология СРС.7, 8D02310 Филология
Бос уақыт және анимациялық ұғымы, деңгейлері

Бос уақыт бұл жеке адамның жалпы уақытының отбасылық, қоғамдық міндеттері мен үй шаруасын анықтауға, сондай-ақ физиологиялық қажеттіліктерін \ұйықтау, тамақтану және т.б.\ өтеуге кеткен уақытының қалған бөлігі.


Әдебиеттерде «Анимациялық» адамдардың демалыс пен ойын сауыққа, өздігінен білім алуға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған ақыл-ой, эстетикалық қимылдық іс-әрекеттері деп түсіндіріледі.
Анимациялық ұғымына берілетін түсініктерді төмендегідей төрт түрге бөлуге болады.
Бірінші, Анимациялық- қол бос уақыт, сайрандау, іс бастылықтан бос кеңістік:
Екінші, Анимациялық эрекетсіздік, демалыс, жұмыс істеуге қарама –қарсы ұғым;
Үшіншіден, Анимациялық – сапа, қасиет – қабілеттілік, шеберлік;
Төртінші, Анимациялық-адамдардың жұмыс пен оқудан бос қалыптағы жағдайы.
Француз социологы Дюмазадьенің, айтуынша; Анимациялық- жеке адам өмірінің демалысы мен сауығуы үшін немесе адамдармен араласа отырып білімін кеңейтуге және өзінің шығармашылық қабілеттерін еркін дамытуға арналған, үйірмеліе жұмыс пен қоғамдық міндеттерді атқаруға қарама қарсы ұғымдағы әрекет болып саналады.
Әдетте социологияда Анимациялықты міндетті жұмыстан тыс, оқу мен қоғамдық міндеттерден, демалыстың әр түрлі түрлерінен, тұрмыстық тіршіліктен бос уақыт бөлігі деп түсіндіріледі. Бос уақыттың қызметі көп қырлы. Жалпылама алғанда оның біріншіден, рекрациялық қызметін \ дене, психикалық қажыр қайратты, энергияны қалпына келтіру мақсатындағы демалыс \, екіншіден, дамушы\ жеке адамның физикалық, интлектуалдық, көркемдік, адамгершілік қырларының дамуы \, үшіншіден, Анимациялық пен анимациялық қам-қарекеттері түрлерінің айқындалуы \ спирттік ішімдіктер ішу, құмарпаздық ойындар, бұзақылық, жәй ғана ештеңе бітірмеу\ оның анимациялыққа кереғар құбылыс ретіндегі бұзылған функцияны қалпына келтіру қызметін атқарғандықтарын жатқызуға болады.
Жеке адамның шұғылданымпаздылығы оның уақыт өткізуінің әртүрлі әдістері мен түрлеріне байланысты қалыптасады. Бірақ бұл жерде адамбойындағы дағды мен белгілі бір кезеңдерде қалыптасқан айырмашылығы жоқ қызметтері бірде конструктивті күрделі дамуға бейімделген немесе днконструктивті кері ықпал етуші \ болып келуі мүмкін.
Анимациялықтың түрлері бір-бірінен көлемі жағына\ ұзақтылығы\; мазмұндылығына \ анимациялық қызметтің өзіндік іріктелуі арқылы\;
Белсенділіктілігіне, әрекетшілділігіне немесе немқұрайлылығына, суырып салмалылығына; жоспарлануы мен жоспарлауына келмейтін стихиялығына;
кеңістікке қатысты шектелушілікке\ отбасылық немесе қала аралауға қатысты\; қарым –қатына жасайтын ортасына;.
Бос уақытта айналысатын іс-әрекет түрлнрі кітап оқу, театрға, концерттерге бару, спортпен айналысу . анимациялық элементтері деп аталады. Элементтің кейбір түрлері бос уақыттың жалпы бөлігіндегі өздерінің «үлес салмағына» орай және мәдени құндылығына қарай ерекшеленеді.Нақты белгілі-бір әлеуметтік топқа тән элементтер жиынтығы, оның анимациялық құрылымын жасай отырып, адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайына, оның мәдени деңгейіне байланысты болып келеді де қоғамдағы өзгерістерге қатысты өгеріп отырады
Анимациялықты ұйымдастыру жүйесі адамдардың бос уақыттағы сұранымы мен қызығушылығына байланысты болып айқындалады.
Әдетте бір сұрамымды қанағаттандыру екінші сұранысты тудырады. Бұл Анимациялық пен оның әрекет түрлерінің байи түсуіне ықпалын тигізеді.
Анимациялық құрылымы бір-бірінен психологиялық және мәдени мәніне байланысты айырмашылықтар негізіндегі «қабаттардан»тұрады.
Енжар демалыс \пассивный отдых \-бұл Анимациялықтың ең қарапайым түрі. Кім қандай іспен шұғылданады- бұған ешқандай да мәнберілмейді, тек күнделікті жұмыстан сананы басқа жаққа аудару. Демалыстың бұл түріне мақсат қойылмайды, ол ырықсыз түрде болатындықтан жеке адамға ғана тән, ол шын мәніндегі Анимациялықтың бастамасы ғана. Енжар демалыс ұзаққа созылмайды. Ол Анимациялық тан сәл де болса жетілдірілген ойын- сауық деп атауға болатын деңгейіне жатады. Оған әр түрлі сейіл құру, қыдырыстар мен киноғабару, спорттық сауықтарды тамашалау жатады. Ойын сауықтан анимациялықтың келнсі жоғары деңгейіне өту адамдардың мәдени саласындағы белсенді ізденістеріне қажетті рухани қызығушылығының артуына байланысты. Бұл ізденістер адамның танымдық қалыптастыруға әрекеттерін қалыптастыруға жағдай туғызады, яғнй адам бойындағы танымдық әрекеттерді жүйелі түрде маңызды кітап оқу, лекция тыңдау, музейлер мен көрмелерге барып тұру арқылы қалыптастыруға болатындығын көреміз. Танымдық әрекет адамдар үшін өзіндік маңызға ие, сонымен қатар Анимациялықтан шығармашылық денгейге өтудің үлкен мүмкіндігі болады. Шығармашылық адам бойында қанағаттану сезімін тудырып , рухани жетілудің құралы болып табылады .
Кез- келген іс-әрекет, егер де ол адам бойындағы рухани күш пен қабілеттілікті өз бойына сіңіре білсе, ол шығармашылықтың іс-әрекеті бола алады. Шығармашылыққа техникалық, өнертапқыштық, ғылыми ізденіс, көркем өнерпаздыққа қатысуы және т.б. жатады.
Адамның белсенді әрекетке деген сұранымынан басқа оның дүнтені және өзінің ішкі жан дүниесін жанымен сезінуге, пайымдауға поэтикалық және филоософиялық ойлауға деген сұранымы болады. Анимациялықтың бұл деңгейін меңзей қарау, пайымдау деуімізге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет