Нандырудың риторикалық әдістері немесе сөйлеудің шешендік тәсілдері мен мәнерлі құралдарын пайдалануға негізделген әдістер: - Іргелі әдіс: тікелей салыстыру, сандарды, бұлжымайтын деректерді пайдалану. - Салыстыру әдісі: барлық дәлелдеменің айшықты және мәнерлі ету мақсатында бейнелі түрде салыстыруды қолдану. - Қарама-қайшылық әдісі: әңгімелесушінің дәлелдемелеріндегі қарама-қайшылықты анықтау және осы негізде өз дәлелдемесін құру. - «Қорытынды шығару» әдісі: дәлелдеме барысында мұғалім аралық қорытынды жасайды және олардың негізінде соңғы қорытындыға келеді.