3. Әділдік. Мұғалімнің қандай қасиеттерін бағалайсыз деген сауалға оқушылар көбіне көп: "әділдігін” деп жауап қайтарады. Егер мұғалім әділ болғанның үстіне әдебі мол, көңілді, жайдары болса, мектепте одан беделді адам болмайтыны түсінікті. - Мұғалімге «әділетсіз» деген ат оның тек әділетсіз болғандығын ғана емес, сонымен қатар оқушылармен жұмыс барысында әдеп сақталмауынан да таңылуы мүмкін. Мұғалім оқушыларға тек қана әділ қарап қоймай, соған қоса өз ісінің дұрыстығына иландыра білуі керек.
- Мұғалім ар-ұяты кіршіксіз болса, оқушылар оның кез келген қатесін кешіреді. Керісінше мұғалім әділетсіздік жасап, жалған мінез көрсетсе, оқушылардың көңілдері қалып, араларының салқындауы осыдан басталады.
|