4. Төзім мен сабыр сақтау. Мұғалімнің педагогтік әдеп әлемі үшін бұл қасиеттердің маңызы үлкен, тіпті көп жағдайда шешуші мәні бар. Бұл, әрине, өртеніп жатсын, күйіп жатсын, мұғалім еш нәрсеге ашуланбауы тиіс деген сөз емес. Ондай жағдайларда оған өзін ақылға жеңдірмей болмайды. Ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамау керек. Сабырлылық, өзін-өзі ұстай білушілік сияқты қасиеттер ұстаздың белсенді құрамы болуы тиіс. - Қай кезең, қай дәуірде болсын адамға білім мен тәрбие беруден асқан мұрат жоқ. Ұстаз – ұрпақ тәрбиелеп өсіруші, қоғам сенген адам. Ұстаздық қызметтің қыры мен сыры мол.
|