Педагогикалық Әдеп педагогикалық техника педагогикалық шеберлік


Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар



бет7/7
Дата14.12.2021
өлшемі4,38 Mb.
#100596
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15 сем бб

Мұғалімдердің қызметінде кездесетін дидактикалық қиындықтардың көбірек орын алатындары мыналар:
  •    
  • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАКТИКА педагогикалық әдепке әрбір нақты жағдайда оқушыларға әсер етудің тиімді құралы.
  • Барлық жағдайда, барлық педагогтар қолдана алатын нұсқаулар:
  • ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК – тек қана мұғалімнің жалпы, жан – жақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
  • Ұстаздық шеберлік:
  • Педагогикалық этиканың маңыздылығын сонау ғасырларда білген Әл-Фараби: «Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума қасиет болу керек» деп, педагогикалық әдептің қыр-сырына тоқталып кеткен:
  • * Өнер білімге құштар; * Мүшелері мүлдем мінсіз; * Жаратылысынан өзіне айтқанның бәрін жете түсінетін; * Өзі естіген, көрген, түсінген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын алғыр да аңғарымпаз; * Өткір сөз иесі және ойына түйгенінің бәрін анық бере алатын; * Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға қанағатшыл; * Жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын; * Жаратылысынан игі істерге ынтызар; * Әділеттілігі мен әділеттілерді сүйіп, әділетсіздік пен озбырлықты жек көретін; * Жақындарына да, жат адамдарға да әділ, пасық адамдарға мүлдем рақымсыз, * Қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек; * Бойына туа біткен 12 қасиетке ие болатын, бұларды бір-бірімен сәтті ұштастыратын адам нағыз ұстаз;
  •  
  • Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім.
  • Ғабит Мүсірепов
  • Мен өзімнің ұстазыма әкемнен кем қарыздар емеспін: әкемнен өмір алсам, ал Аристотельден өмірімді жақсы өткізу туралы білім алдым.
  • Александр Македонский
  •  
  • Егер мұғалім өз бойына іс пен шәкірттеріне деген сүйіспеншілікті біріктірген болса, ол – кемел ұстаз.
  • К. Д. Ушинский
  • Мұғалімдік мамандық - бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады.
  • В. А. Сухомлинский
  • Жан-Жак Руссоның «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, басқаның бақытын аялау» деген нақыл сөзі жаныма өте жақын. Ұстаз білгенін үйретуші ғана емес, тұла бойы тұнған өнеге, ақ тілеулі ана тәрізді барлық адамның бойынан жақсылық іздейтін ізгі ниет иесі. Шәкірті өзінен озған ұстаз – еңбегі ақталған ұстаз. Өйткені, өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу. Өзінен озған шәкірт тәрбиелейтін шебер ұстаз үздіксіз ізденісте болып, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл, өзін-өзі дамытып, жетілдіре алатын болуы қажет деп ойлаймын. Мен ұстаздықтың ауыр жүгін арқалауды өз жүрегімнің қалауымен таңдадым. Маман ұстаз ретіндегі негізгі ұстанымым: баланы тұлға деп тану, оның пікірімен санасу, оқушының кішкентай қуанышын, табысын бағалай білу.
  • Шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші - білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет