Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда



Дата17.12.2021
өлшемі14,94 Kb.
#102040
түріСабақ
Байланысты:
Документ
ддд

Педагогикалық әдістемелік процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген тірек — сызба белгілерін (сигналдарын) сабақта қолдану мұғалімдердің көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен қолданылуда. В. Ф. Шаталов технологиясының ерекшелігіне тоқталсақ: Бірінші ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді «Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау. Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте сақтауы». Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады. Бұл әдістеме қазіргі күнге дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар аударған жөн. 1.      Тірек — сызба белгілерін пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн. 2.      Мүмкіндігінше барлық сабақтарда пайдалану керек. 3.      Сызбанұсқаға оқушылармен бірге талдау жүргізіп отыру. Сызбанұсқаларды (схемаларды) оқушылардың қатысуымен талдау керек. 4.      Оқушылардың белгілі тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс жасауына мүмкіндік беру. 5.      Оқушының топпен және екі — екіден жұмыс жасауына мүмкіндік беру. Тірек сызбаның артықшылықтары мынада: а)     оқушыға оқу материалы жинақы, қысқаша беріледі; б)     оқушы оқу материалының ішінен ең негізгісін таңдай білуді үйренеді; в)     оқушы таңдап алған танымдылық — білімдік түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе жасауды үйренеді; г)     оқушы оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмыс жасауға дағдыланады; д)     Оқушы өзінің танымдық деңгейін біледі. Өзін — өзі бағалауды үйренеді.
Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшеліктері — үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас ықпал; ізгілік, еркімен оқыту. Әр оқушының жобасының жариялылығы түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау, оқыту мен тәрбиенің бірлігі. 
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған келелі, әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі — оқушыға тиянақты білім беру. Осы мақсаттарды жүзеге асыруда мектеп мұғалімдері іздемпаздықпен оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін өз тәжірибесінде үздіксіз қолдана отырып жұмыс жүргізіледі. Жұмыстың нәтижелі болуы кез келген мұғалімнің таңдап алған әдісті үздіксіз, үнемі, жүйелі қолдануына және оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейін ескеріп отыруына байланысты. Сонымен қатар оқушыны оқу жұмысына белсене қатыстырып, оған белгілі бағыт-бағдар беріп, қадағалап, жұмысын бағалап отыру — жақсы нәтиженің негізі. Оқушы білімінің сапасы мен оқытудың тиімді болуы таңдап алынған оқыту әдісінің пәрменділік дәрежесін көрсетеді. В. Ф. Шаталов әдісін сабақта қолдану мектеп мұғалімдерінің көпшілігінен үлкен қолдау тауып, оқыту үрдісінде кеңінен қолдануда. Тірек сызба белгілерін пайдалану тиімді. Белгілі бір әдіс, белгілі бір кезең өткен соң өзге бейнеде түрлендіріп берілсе, онда оқушыларда қайта қызығушылық пайда болып, оларды ізденуге жетелейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет