Педагогикалық факультет



бет18/23
Дата29.01.2018
өлшемі1,81 Mb.
#36194
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Дәріс мазмұны


  1. М. Мұқановтың психологиялық зерттеу жұмыстары.

  2. М. Мұқановтың психологиялық дамуына қосқан үлесі.

  3. Жастық және педагогикалық психологияға қосқан үлесі.

Мақсаты: М. Мұқановтың қазақтың ғылыми психологиясына қосқан үлесін анықтап еңбектеріне психологиялық сараптама жасау.

Мәжит Мұқанов (1920-1985) қазақтың ғылыми психологиясына үлес қосқан ғалымдардың бірі. Ол Ақтөбе облысы Шалқар ауданының Ырғыз ауылында туған. 1953 жылы профессор Т.Тәжібаевтың жетекшілігімен кандидаттық диссертация қорғайды. Ол қазақ жауынгерлерінің ұлттық психологиясын, халқымыздың батырлық дәстүріне талдау жасайды. 1980 жылы докторлық диссертация қорғап профессор атанады. Ол жалпы психология жас педагогикалық, этноспсихологиясынан жазылған көптеген еңбектердің авторы.

Ғалым көп жылдар бойы интеллект мәселесіне бұлардың адамның жан-дүниесіндегі алатын орнын анықтауға жалпы ойлау әрекетінің мән-жайын ашуға бағытталған. Автор ақыл-ойдың өрістеп отыруын тарихи этникалық тұрғыдан зерттеп, әрқилы дәуірдегі адам интеллектісінің дамуы оның өмір сүруы ортасына тіршілік жағдайы мен әлеуметтік жағдайына байланысты екенін анықтады.

М. Мұқанов жүргізген енді бір экспериментінде оқымаған сауатсыз адамдардың есте сақтау қабілеті күшті болатындығын анықтады. Мысалы, көшпелі ата-бабамыздың тыныс-тіршілігінде жазба-деректердің болмауы түрлі ақпарат-хабар мөлшерінің аздығы, зақатың суырып-салма шешендік қабілетінің күшті болуына себеп болған. өзінің этнос психологиясына байланысты көп жылғы зерттеулерін түйіндей келіп, М. Мұқанов адамның ойлау әрекеті өзгермейтін және өзгермелі болатындығын, мұның өзі қоғамдық әлеуметтік кезеңнің біреуінен өткенде келесіде ойлау механизмі өзгеріске түсіп отыратындығы адам интеллектісінің өзгермейтін жағы психологиялық дамудың алғы–шарты және басты тірегі ретінде қоғам дамуының кісінің ой өрісі шарттас болатындығын мұның дамудың барлық кезеңдерінде де орын алатындығын дәлелдеп берді.

М. Мұқанов қазақ этнопсихологиясы саласында ұлттық кадрларды даярлауда біраз үлес қосты. Оның жетекшілігімен бірнеше адам (Б.Ыбыраев, Қ.Нұрғалиев, Н.Нұртазина және т.б.) диссертация қорғап, осы салада бірер еңбек жазылды. М. Мұқанов ұлттық психология саласында жемісті еңбек еткен ғалымдардың бірі.

Өзіндік бақылау сұрақтары


  1. М. Мұқановтың психологиялық зерттеу жұмыстарының көкейкестілігі қандай?

  2. М. Мұқановтың психологиялық дамуына қосқан үлесін атаңыз?

  3. Жастық және педагогикалық психологияға қосқан үлесі қандай болды?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
19 дәріс

Тақырып: Қазақстанда ұлттық тәлім- тәрбие ілімінің дамып қалыптасуы. Шәрапи Әлжанов пен Ә. Сембаевтың психологияға қосқан үлесі

Дәрістің мазмұны


  1. Ш. Әлжановтың психологияға қосқан үлесі

  2. Ә. Сембаевтың өмірі мен қызметі

  3. Ш. Әлжанов пен Ә. Сембаевтың шығармаларындағы психологиялық көзқарастар

Мақсаты: Қазақстанда ұлттық тәлім- тәрбие ілімінің дамып қалыптасуы. Шәрапи Әлжанов пен Ә. Сембаевтың психологияға қосқан үлесін анықтап, еңбектеріне психологиялық сараптама жасау.

Шәрапи Әлжанов (1901-1938) қазіргі Көкшетау облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Жасынан пысық, еті тірі, білімге құштар, алғыр Шәрапи алғашқы сауатын ашады. Профессор Ш. Әлжанов қысқа өмір сүрседе артына үлкен рухани мұра ақлдырды. Оның тәлім-тәрбие саласында әртүрлі тақырыптардың төңірегінде жазылған 20-дан астам еңбегі бар. Мысалы, «Аз ұлттарға жоғарғы оқу орындарында сабақ беру методикасы», «Жоғарғы оқу орындарында кадрларды даярлау мәселесі» және т.б.

Ш. Әлжанов педагогика мен психология салаларын сабақтастыра зерттеп, мұғалімдер мен тәрбиешілер үшін ғылыми ұсыныстар жасап отырды. Мысалы, «Ес және есте қалдыру мәселелері», «Ой мәселелері», «Дағдылану мәселелері» атты еңбектерінде шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы сөз қозғайды.

Ш. Әлжанов жеке басқа табыну жылдарының құрбаны болды. Оның жарқын өміріде артына қалдырған ғылыми мұрасы халқымыз үшін әрдайым өнеге.

Қазақтың белгілі психологы –педагогы Әбдіхамит Сембаев 1905 жылы қазіргі Жезқазған облысының шет ауданындағы Қарабұлақ совхозында дүниеге келген. Ол өзінің еңбектерінде мектеп туралы заңдардың қабылдануымен байланысты оқу жоспарына еңген жаңа пәндер мен олардың оқулықтарының жасалу жайы туралы айтқан.

Ә. Сембаев жас ғалым-педагогтарды даярлауда көп үлес қосқан. Автор Қазақстанда ғылыми тарихын жан-жақты сөз етеді. Жергілікті ұлт кадраларын даярлауда туысқан республикалардың көмегі Ұлы Отан соғысы жылдарында Москва, Ленинград, Киев т.б. қалалардан одаққа белгілі білгір педагог-ғалымдардың Қазақстанға келуі, олардың педагогикалық жоғарғы оқу орындарында дәріс бере жүріп ғылым кадрларын даярлаудағы еңбектері баяндалады.



Өзіндік бақылау сұрақатары:

  1. Ш. Әлжановтың психологияға қосқан үлесі қандай?

  2. Ә. Сембаевтың өмірі мен қызметі туралы баяндаңыз?

  3. Ш. Әлжанов пен Ә. Сембаевтың шығармаларындағы психологиялық көзқарастар қандай болды?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996

20 дәріс



Тақырып: Т. Тәжібаев пен С. Қожахметовтың психологиялық зерттеу жұмыстары

Дәрістің мазмұны


  1. Т. Тәжібаев пен С. Қожахметовтың психологиялық зерттеу жұмыстары

  2. Т. Тәжібаевтың өмірі мен қызметі

  3. С. Қожахметовтың шығармаларындағы психологиялық көзқарастар

Мақсаты: Т. Тәжібаев пен С. Қожахметовтың психологиялық зерттеу жұмыстары туралы студенттерге ақпарат беру.

Т.Тәжібаев (1910-1964) Шымкент облысы Арыс ауданына қарасты 9 ауылында дүниеге келген. 1917 жылғы жұт пен аштықта әке-шешесінен, тума-туысқандарынан айрылып, тұл жетім болып қалады. Сол кездегі адамдардың арқасында Арыстағы бастауыш мектепке оқуға түседі. Кейін балалар үйінде тәрбиеленеді. 1935 жылдан бастап психология бойынша еңбектер жаза бастайды. Солардың бірі Л.С. Выготскийдің психологиялық мұрасына арналған көлемі 80 беттік қолжазба.

Т.Тәжібаевтың ғылыми ізденістері негізінен екі бағыттың төңірегінде. 1. Ұлт тілінде психологиядан оқу құралдарын құрастыру. 2. Халқымыздың психологиялық ой-пікірлерінің қалыптасу жолын зерттеу. Оның «Ұжым мен топ психологиясы», «Қарым-қатынас психологиясы» деген оқу құралдары бар. Т.Тәжібаевтың еңбектерінің көбі Ш.Уәлиханов Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтың психологиялық көзқарастарын зерттеуге арналған. Абайдың психологиялық көзқарастарын көп жылдар бойына зерттеп, бірнеше еңбектер жазды.

Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) психологиядан және педагогикадан бірнеше лекциялар жинағын жасақтаған. Ол Ұлы Отан соғысына дейін кезеңде психология ғылымдарын жұртшылыққа кейіннен насихаттаушылардың бірі болды. Ол шәкірттердің адамгершілік пен әдеп саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселелеріне байланысты бірнеше еңбек жазды. Оның «Эстетикалық тәрбие», «Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу туралы» және т.б.



Өзіндік бақылау сұрақтары

  1. Т. Тәжібаев пен С. Қожахметовтың психологиялық зерттеу жұмыстары қандай болды?

  2. Т. Тәжібаевтың өмірі мен қызметі туралы айтыңыз?

  3. С. Қожахметовтың шығармаларындағы психологиялық көзқарастар мазмұны неде?

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1.Жарикбаев. К Психологическая наука в Казахстане. Алматы., 2002

2. Казахи . Исторические личности . Алматы 1998 г

3. Орынбеков М.С История философской т общественной мысли Казахстана. Алматы,1997

4. Сегизбаев И История казахской философии. Алматы, 1996
21 дәріс

Тақырып: Қазақ зиялыларының психологияға қосқан үлесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет