Педагогикалық факультет



бет34/86
Дата05.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#13204
түріПрактикум
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
Графикалык, дагдылар — жаттығу кезінде қалыптасатын сызу қүрылымдарымен жүмыс істеу тәсілдерін меңгеру. Мектептегі оқу кезінде әдетте оқушыларда чсртежді оқи және сыза білу дағдысы толық қалыптаса қоймайды. Мүндай дағдыға ие болу-логикалық жәнс кеңістіктік ойлау қабілетінің жоғары деңгейімен байланысты ұзақ процес.
2.Графикалык хабарлама — конструкторлық жәнс тсхнологиялық іс-қағаздардағы мәліметтер. Бұларға чертеждегі, эскиздердегі, схемалардағы графикалық шартты бейнелеулер,материалдар түрінің шартты белгілеуі, техникалық шарттар және т.б. жатады.
Техника моделін жасауға үйрету — бүл оқушылардың конструкторлық-технолгиялық әрекетіндегі алғашқы қадамы. Мүнда оқушылардың графикалық даярлығы қажет болады, бірақ ол арнайы сабақ үстінде емес, еңбек процесінде, яғни затты жасай білу ептілігін кдлыптастыру үстінде жүзеге асады. Сондықтан оқушыларға нақты практикалық жүмыс процесінде керек болатын аса қарапайым графикалық материалды меңгеру қажет. Үйірме сабақтарында объектілсрді тандауда жстекші балаларға үсынылтын техникалық объектілердің пішіні мен конструкциясьш алдын-ала талдауы қажет.
Техникалық сурет — заттың көрнекі бейнесі, ол параллель проекция әдісін пайдалану арқылы көз мөлшерімен қолдана жасалады (яғни объектінің табиғи параллель болады. Техникалық суретте де параллель болады. Техникалық суретте конструкцияның барлық элементтері (көтеріңкі жерлері, ойықтары), т.б.өлшемін және пропорциясын сақтай отырып, қөз мөлшерімен бейнеленеді. Дәл өлшемдерін санмен көрсетуге болады.
Сызба — заттың сызу қүрал-саймандарының көмегімен өлшемді дәл сақтай отырып белгілі бір масштабта жасалған графикалық бейне. Ол объектінің материалы, өлшемі, пішіні туралы мәлімет береді. Сызба бойынша да, техникалық сурет бойьшша да заттың жалпы қүрлысы мен оның бөліктері жайлы білуге, ал өлшемі мен техникалық талаптары бойынша заттың өзін жасап шығаруға болады. Сызба әдетте, объектінің жекелеген жақтарының бірқатар бейнелерін береді, олар қағаз бетінің қатаң белгіленген жеріне сызылады.
Эскиз — бүл да сызба сияқты затты әр түрлі жағынан көрсетеді және орындалуы да сондай графикалық ережелерге байланысты. Эскиздегі сызықтар айқын әрі тегіс болуы тиіс. Өлшемдері нақтылы сандармен белгіленіп, бүйымның жасалатын материалымен масштабы көрсетіледі. Эскиздің сызбадан айырмашылығы оны сызу қүрал-саймандарының көмегінсіз, дәл мөлшерін сақтамай-ақ, қолдан сызады.
Масштабпен әлі таныспаған төменгі сынып балалары бейнені торкөз бойынша үлкейтуді немесе кішірейтуді жақсы атқарады. Бірақ масштаб дегеніміз бейненің, де-тальдың немесе бүйымның өзінен неше есе үлкен немесе кіші екенін көрсететін сан екенін айтуға болады. Сызба-лар мен техникалық суреттерден балалар мынадай белгілерді керуі мүмкін: М 1:2 (өлшемді екі есе кішірейту керек), М 2:1 (өлшемді екі есе үлкейту керек.
Жазба жасау дегеніміз — болашақ бүйымнын, немесе оньщ бөлшектерінің контурын белгілейтін сызықтар мен нүктелерді материалға (қағаз, мата, ағаш суреті, маталар) көшіру. Жазбаны шаблон, техникалық сурет, сызба, ауызша сиппаттау, үлгі және т.б. арқылы жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет