Педагогикалық факультет



бет55/86
Дата05.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#13204
түріПрактикум
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86
Жұмыстың құралдары: Бастауыш мектеп еңбекке баулу пәнінің білім беру стандарты, 3 сыныпқа арналған еңбекке баулу пәнінің оқу бағдарламасы, күнтізбелік -тақырыптық жоспар, 3 сыныптың оқу және әдістемелік құралдары, ұсыныстар, көрнекіліктер: жұмысты орындаудың үлгісі, технологиялық карта; сызғыш, қалам, зімпара ағаш және қосымша материалдар.


Жұмысты орындауға нұсқау.

3 сыныпқа арналған тақырыптық оқу материалының мазмұнымен тапсырма № 1(2) танысып, оқу бағдарламасында анықталған сол тақырыпқа сәйкес білім беру мазмұнымен салыстырылады. Тақырыпқа белгіленген уақыт мөлшерін күнтізбелік – тақырып пен оқу бағдарламасынан көруге болады. Тақырыптың оқу материалы арқылы сабақтың дидактикалық, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары айқындалынады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру және оқушыға оқу материалын игерту үшін теориялық негіздей отырып, сабақтың тиімді және қолайлы формасы, әдістері және құралдары іріктелінеді. Оқытудың құралдарын пайымдаудан кейін сабақтың құрылымын қарастыруға кіріседі. Тақырыптың мазмұнындағы оқу материалының көлемін, қиындығын, күрделілігін, тереңдігін, аумақтылығы және т. б. ерекшеліктерін іріктеу, даралау, толықтыру, жүйелеу жұмыстарымен шұғылдана нақты оқушыға игерілетін оқу материалының элементтерін анықтап жүйелейді. Оқушының белсенділігі мен танымдық, психикалық және физиологиялық қасиеттерінің дамуына ықпал көрсететін, оның теориялық білімі мен практикалық іскерлігін меңгертуге арналған дидактикалық тапсырмалар дайындалады. Оқушының теориялық білімі мен практикалық іскерлігі нығайтылатын жұмыстың объекті үлгісі жасалынып, оның көрнекіліктегі тиімді технологиялық процессі белгіленеді. Таңдалған объектіні оқушы практикалық сабақта жасап үлгеру уақыт мөлшері тексеріледі. Оның қажетті, нақты, қолайлы материалдары мен аспаптарын анықтау да естен қалмауы да орынды.


Келесі кезеңде оқушының білімі мен іскерлігін бақылау формасы мен әдістерін анықтай қажетті құралдарын дайындайды. Бұл кезең аяқталғаннан кейін сабақ жоспарының құрылымын толық жазбаша құрастыруға кіріседі. Сабақтың оқыту әдістемесінің көлемі, нақты, анық және кең ашылып орындалады. Сонымен бірге, сабақ құрылымындағы теориялық және практикалық кезеңдердің уақытысы белгіленеді.
Осы тақырыптық оқыту мазмұнының жобасын белгілеген сабаққа кететін жалпы уақыт мөлшеріне сәйкестігі дәл анықталады. Орындалған сабақ жоспарының жобасын ұжымды формада талқылай түзете отырып, оқытушыдан рұқсат ала, тәжірибеде (мектепте) тиімділігі мен қолайлығын сынай тексереді. Оның мазмұндылығы мен тиімділігі туралы бастауыш мектеп мұғалімдерінен пікір алып, олардың бағасы белгіленеді. Жұмыстың соңында студент өзінің жұмысы туралы оқытушыға есеп береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет