Педагогикалық факультет



бет10/86
Дата05.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#13204
түріПрактикум
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86
Лекция 3. Тақырыбы: Жұмсақ материалдарды өңдеу технологиясы.
Мақсаты: жұмсақ материалдарды жасау және олардың технологиялық процесстері туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Адам баласының күнделікті өмірінде қолданатын киімдер және өндіріс орындарында қоданатын жазық немесе аумақты бұйымдардың кейбір түрлері тармақты материалдар және жіптер мен маталардан жасалынып келеді.
Тармақты материалдар екі түрмен алынады: табиғи және химиялық. Табиғи материалдарға мақта, зығыр, конопля, джут, кандырь жатса, жануарлардан жұн мен құрттан жібек алынады, минральды затт - асбест болып табылады. Химиялық түріне синтетикалық және жасанды.
Зығыр - өсімдік сабағынан алынады. Оны кесіп алып жайып бірнеше күн суда ұстайды. Кейін өндіріс орнына апарып, оны езіп, тармақтарынан қоспаларды арылтады. Таза тармақтарынан киім бұймдарына жіберілсе, оның дөрекі қалдықтарынан, яғни, тармақтарынан техникалық маталар және бұйымдар жасайды.
Жібек жібін алу үшін құрттың құраған ақ түсті қабығын кептіргеннен кейін, ішіндегі құрт көбелектеп, кейін қабықты ыстық ауамен қыздырады. Домалақ қабығы жібігеннен кейін оны тарқатып пряжа жасайды. Одан сапалы бұйымдар мен маталар алады. Асбест – минерал заты. Оны өңдегенде тармақталынып берік жіпке айналады. Оны техника саласында жылу сақтайтын материал ретінде қолданады. Жасанды тармақты жіптерді ағаштың құрамынан алса, синтетикалық тармақты жіптерді тас комірінен, мұнайдан алады. Оларға капрон, лавсан, нитрон және т.б. маталар жатады. Жоғарыдағы шикізатты ерітіп оларды бекіткіш-фильерден еріген затты өткізіп, тармақтарға бөле жіп тәріздес түтікшелер алады. Оны басқа өндіріске жібере пряжа алады. Химиялық тармақты материалдар жылтырлығымен, бедерлігімен, эластикалығымен, қаттылығымен, су өткізбейтін, химиялық реактивтерге қалыпты, шыдамды материал. Мақта материалынан жіп бұмасын(пряжа) жасау үшін оны тазалап, жұмсартып, үлпілдетіп, тарап, түзу тармақта болу үшін, оларды лента тәрізді созып иіреді. Ал басқа материалдардан жіп бұмасын жасау басқаша өтеді. Ол үшін жүнді, зығырды жұмсартып(разрыхление) тарап, созып, түзетіп, ширатып алады. Яғни, соңғы процессте бірнеше жіңішке алынған тармақтарды біріктіре шиырып жіп алады, оны бұмалайды.

Жіптің жіктелінуі. Жіптер қатты, ақ және түсті, матовый және жылтыр болып келеді. Егер бірнеше тармақты бір жіпке көбірек біріктірсе сол ғұрлым берік болады. Сонымен бірге беріктік шикізат материалына да байланысты. Жіптің сауда номірімен ажыратады, №10 ең қалың бұмалы жіп болса, №80 ең жіңішке болып табылады. Жібек жіптері әр түрлі номерлі, ақ және басқа да түсту болып келеді. Берік жібек жіптерінен киімдер тугіге арналады.


Жоғары сортты мақта жіптерінен әр түрлі түсті тугу жіптерін жасайды. Олар бұмаланып сатылады. Олардың ұзындығы 10-20 м дейін созылады. Олардың номері №37 қалың, ал №100 жіңішке.
Аталған жіптердің түрлерінен өрі техникаларымен тесьмалар, бейнелі жолақтар жасайды.
Маталар. Матаны жасау тоқыма өндірісінде болады. Оның негізгі принципі мынандай: тоқыма станогында жіптер ұзын бойында бір-біріне жақын параллельді орналасады. Осы жіптердің құрамын толықтыру үшін утка аспабымен, яғни, жіп оралған, сол параллель жіптерге утка перпендикуляр өтіп, қайта кейін келе торлы бет алады. Осы принциппен жоғары қарай жалғаса береді. Матаны жасауда әр түрлі материалдан жасалған жіп бумаларын қолдануға болады. Осындай технологияда түкті және түксіз кілемдер де тоқылып келеді. өндіріс жағдайында және кішігірім шеберханаларда.

Бақылау сұрақтары:

Әдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   86




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет