Сабақтарында бағдарламалық материалдарды игерту тәсілдері. Жұпышева С. Г. Мухамедкаримова К. Т



Дата22.12.2016
өлшемі93,97 Kb.
түріСабақ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА БАҒДАРЛАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРДЫ ИГЕРТУ ТӘСІЛДЕРІ.

Жұпышева С.Г.

Мухамедкаримова К.Т.

Сагинтаева К.С.

23 ОМ мұғалімдері


Орыс мектептерінде қазақ әдебиетін оқытуда тірек сызбаларын пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін,
тіл шеберлігін ұштайды.

Тірек сызбасын үздіксіз жүйелі қолданудың нөтижесінде қазақ әдебиетінен оқушылардың білім деңгейінің жоғарылағаны байқалады.

Оқушылар қазақ тілінде ертегінің мазмұнын айтуда, өз ойларын жеткізу кезінде, қазақ тіліңде жатық сөйлей алатындықтарын байқатты.

Тірек сызбасын сабақта кеңінен пайдалану - мүғалімнің жан-жақты дайындалуына, уақытты ұтымды өткізуіне әсері зор.



Уақыт талабы мұғалімнен сабақты қызықты, тартымды өткізе білуді, көп шығармашылық ізденісті, білімділікті, тапқырлықты қажет етеді.

Уақыт талабы оқушылардан олардың белсенділігін, жеке дара жұмыс жасауға ынталануын, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегі нәтижесінің тиімді болуын талап етеді.

Сондықтан ортақ іс-әрекетті ұйымдастыруда негізгі мақсат - әрбір жеке оқушының дамуына, таным ерекшелігі мен іс-әрекеттің дұрыс ұйымдастырылуына үлкен жауапкершілікпен қарау.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пәнінің көздейтін мақсаты - қазақша сөйлеу, түсіну, өз ойын басқаға нақты түсіндіре алатын дәрежеге жеткізу.



Сондықтан қазақ әдебиеті сабағында мұғалім қалайда оқушыны сөйлетуге, сөйлеу тілін дамытуға тілдік орта жасайтын жағдай туғызу керек.

Тіл үйрену, тіл ұстарту адамның ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Ойлау қабілетін дамытудың негізгі әдістерінің бірі жаттығу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Жаттығулар екі топқа бөлінеді:

1) тілдік жаттығулар; 2) сөйлеу жаттығулары.

Екінші тілді үйрету ісінде сөйлеу жаттығуларының атқаратын рөлі зор. Әдетте сөйлеу жаттығуларына сөйлем және сөз тіркесін құрастыру, мазмұнын жаздыру, сұхбат (диалог) құрастыру, мәтіннің мазмұнын айту жатады. Оқулықтарда мәтіннің соңында берілген сұраққа жауап беру, сұрақ бойынша мазмұнын айтқызу тәрізді түрлері жиі қолданылады.

Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, мәтін бойынша сұхбат құрастыруда, мәтіннің мазмұнын айтқызуда тірек схемалардың берері мол: өткен сабақтарды бекіте отырып, оқушыны жаңа ізденіске жетелейтін бірден-бір әдіс – тірек сызбалары.

Өз тәжірибеміздегі қазақ әдебиеті сабақтарыңда қолданылып келе жатқан тірек сызбалардың тиімділігі туралы айтқымыз келеді. Тірек сызбалар - негізінде барлық оқушылардың сөйлеу тілін арттыру мақсатында пайдаланылатын тәсілдің бірі.

Тірек сызба жаңа тақырыпты жеңіл түсінуге, есте сақтап қалуға көмектеседі. Негізінде орташа оқитын оқушыларға пайдаланған өте тиімді: себебі олар схема бойынша сөйлем құрастырып, өз ойларын айтып жеткізуге тырысады, сабаққа қызығады, еңбектенуге талпынады. Тірек сызба бере отырып, сұхбат құрғызу орыс тілді балаларға қазақша сөйлеу дағдысын қалыптастыруға, ойлау қабілетін арттырып, сөйлемдер құрастыра үйретуге мүмкіндік береді.



Тірек сызбаны пайдалану оқушыны сөйлеу үшін емес, олардың оқу-таным белсенділігін артгыру, ой-өрісін кеңейту үшін де қажет. Мұндай тірек схемалардың тиімділігі, біріншіден, сыныптағы оқушыларды түгел қамтиды, екіншіден, сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмекгеседі, үшіншіден, әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйренеді және есінде сақтауға ықпалын тигізеді, төртіншіден, оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады және мұғалімге сенімді көмекші. Осы арқылы оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді, үлгерімі нашар оқушыларда белсенділік пайда болады.

Тірек сызба қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасы бойынша жасалады. Жеке-жеке тақырыптар бойынша беріледі. Тірек схема оқушылардың алған білім дағдыларын тексеруге, өтілген материалды одан әрі тануға, жаңа материалды түсіндіруге бейімделіп жасалады. Әрбір тірек схема үлгісін сыныптағы оқушыларға жететіндей мөлшерде көбейтуге болады, не болмаса тақтаға ілініп қойылады.



Төменде 6- сыныптың қазақ әдебиеті сабақтарында қолданылатын тірек схемаларының үлгісін ұсынамыз.

«Толағай» поэмасы.

( Ерлік туралы аңыз)

Ә. Тәжібаев.

Поэманың желісі-ертеде болған аңыз әңгіме. Басты кейіпкер- Толағай.

Шығарманың басты шарты- сюжет арқылы кейіпкер тұлғасының жасалуы.

Сондықтан шығарманы талдау кейіпкер тұлғасын ашудан басталады.

«Толағай» поэмасында кейіпкер үнемі іс-әрекет үстінде көрінеді.



әкесі Саржан.

мерген,батыл.

I.Толағайдың дүниеге келуі шешесі Айсұлу.

ақылды,сұлу.

алып күш иесі.

мазасыздануы, жол іздеуі



құрғақшылық

жаңбыр жаумауы.

Тарбағатай тауына аттануы

Толағайдың ерлігі елдің қуанышы.

жердің құлпыруы.

анасының сүті

тау басына мұз болып қатуы

II. Толағайдың ерлігі туралы шағын шығарма жазу.



«Алтын сақа»

(Қиял-ғажайып ертегі)



Қиял-ғажайып ертегінің оқиғасы қиялға, фантазияға құрылады, өмірде болмайтын нәрселер баяндалады.



Бай баласы мен жарлы баласы.

Ыбырай Алтынсарин.

Бұл тірек сызбасы оқушылардың өздеріне тірек сызбасы ретінде беріледі.

Асан – бай баласы, Үсен – кедей баласы.



Асан Үсен

Өз ойларын келесі сұрақтар бойынша жеткізу. (Бұл үлгі сұрақтарын өзгертуге болады).

а) Асан мен Үсеннің мінездеріндегі ерекшеліктерді ата.

ә) Асан мен Үсеннің бойындағы адамдық құндылықтар.

б) Кімнің Асанға ұқсағысы келеді?

в) Кімнің Үсенге ұқсағысы келеді?

Пайдаланылған әдебиеттер



  1. Оралбаева. Методика обучения казахского языка.- А., 1996

  2. Куликовская Л.К., Мусаева Э.Н. «Грамматика казахсого языка в таблицах и схемах» в сопоставлении с грамматикой русского языка (простое предложение). – Алматы, 2006.

  3. Қ. Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева. Қазақ әдебиеті.6- сынып. «Арман ПВ», 2009

  4. Қ. Әбдезұлы, С.Ч. Тұрсынғалиева. Қазақ әдебиетінің хрестоматиясы, 6-сынып. «Арман ПВ», 2009

Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет