Педагогикалық факультет



Pdf көрінісі
бет25/57
Дата25.04.2024
өлшемі0,52 Mb.
#201391
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57
Байланысты:
Психотерапия негіздері.

 
№ 4 дəріс 
Тақырып:
К.Юнгтің аналитикалық теориясы
4.
Юнгтің псиоаналитикалық теориясының концепциялары мен принциптері 
5.
Архетиптер 
6.
Ұжымдық бейсаналылық
К.Юнг З.Фрейдтің шəкірті ретінде аналитикалық психологияның негізін салушы. 
Халықаралық психологиялық ассоциацияның периденті. Бірінші рет психология
психотерпия, философияға ұжымдық бейсаналық ұғымын енгізген. К.Юнгтің ойынша 
жеке бейсналық өмір сүру барысында ұжымдық бейсаналықтың ішінде тіршілік етеді. 
Адамдардың психикасы соның ішінде бейсаналық құрылымы əлемдік ұжымдық 
жағдайларға бағынады. Юнг архетип ұғымын енгізді. Ежелгі Грецияда бұл ұғымды 
Аристотель, Платон қолданған, бірақ оған кең түсінік берген Юнг. Юнг бойынша архетип 
дегеніміз - əртүрлі мейірімділік пен зұлымдық күштерін бейнелейтін əке, ана, батыр, 
қоғам жөніндегі ой елестерінің жалпы формалары. Əртүрлі елдерде, халықтарда 
айырмашылығы болады, алты түрлі архетипті бөліп көрсетеді. Персона, Эго, Көлеңке, 
Анима, Анимус, Самость (өздік). Персона термині сыртқы əлемге қатысты өзін-өзі 
қабылдау, өз мінез-құлқын реттеу, өзін - өзі көрсету. Бұл басқа адамдар арасында əртүрлі 
орындарда, əртүрлі жағдайларда адамның өзін-өзі ұстауы. Бұл қандай мінез-құлықты 
басқа адамдарға көрсеткісі келетін жағдай (өзімізді өзгеге қалай қабылдатуымыз). Эго – 
сана орталығы, мақсаттар мен объективті жағдайларға байланысты мінез-құлықты 
логикалық, мақсатты бағытталған түрде бақылауы, бағыттауы. Көлеңке – орталық, бірақ 
жеке бейсаналы құрылым, санадан ығыстырылған жағдайлар, тілектер, елестер, 


қайғырулар. Индивидум бұл əрекеттерді қоғамдық стандарттар мен идеологияларға 
сəйкес келмейді деп жоққа шығарған. Анима, Анимус – «нағыз əйел» (анима), «нағыз ер 
адам» (анимус) бейнелеріне сəйкес келетін саналыдан санасыз əрекетке өткен халық үшін 
маңызды архетиптер. Белгілі бір халықтардағы, ұлттардағы əйел адам мен ер адамнан 
күтілетін мінез-құлықтар. Самость – бейсаналы, саналы əрекеттердің тоғысатын жері
таразы секілді, қоғамда қабылдабайтын инстинкті көрінулер мен биологиялық 
қажеттіліктерді əлеуметтік нормаға сəйкес реттеп отырады. Егер самость өз қызметін 
дұрыс атқармаса түрлі ішкі конфликтілер, невроз, жүйке жүйесінің бұзылыстары, 
комплекстер, күрделі психологиялық бұзылыстар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет