|
|
бет | 28/55 | Дата | 04.10.2020 | өлшемі | 0,51 Mb. | | #63961 |
| Жалпы психология- адамның психикалық іс-әрекетінің әлдеқайда жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Индивид- биологиялық түрдің тұқым қуалайтын жалпы гендердің иесі.
Тұлға - адамның қоғамдық мінез-құлық және сана формаларынигеру нәтижесінде қалыптасатын адамның әлеуметтік –психологиялық мәні.
Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы түрлі бейнелері.
Қабілеттер - әртүрлі іс-әрекет түрлерін орындауда сәттілікті қамтасыз ететін тұлғаның әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі.
Қажеттілік - шындықтағы заттармен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты ерекшеліктерінің бір көрінісі.
Іс-әрекет – адамда қажеттіліктердің нәтижесінде пайда болатын алға қойылған мақсатқа жетудегі адамның қоршаған ортамен белсенді өзара әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|