Педагогикалық инновациялар классификациясы инновация "Innovatio"-латын сөзі;"novis"



бет6/14
Дата08.02.2022
өлшемі1,07 Mb.
#120263
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
7 апта презентация

Деңгейлеп оқыту технологиясы
Деңгейлеп оқыту идеясының авторы Н.П.Гузик сыныптағы оқушыларды да, соған сәйкес оқу бағдарламаларын да А, В, С – үш деңгейге бөлуді ұсынады.
«А» – бағдарламасындағы тапсырмалар базалық стандарт түрінде белгіленеді. Оларды орындай отырып оқушы пән бойынша қайталау деңгейінде нақты материалды меңгереді. Материалды алғаш меңгеру материалдың сан рет қайталануын, мағыналық топтарды бөлу, негізгі ойды табу дағдысын, есте сақтау тәсілдерін білуді, т.с.с. талап етеді.
«В» – бағдарламасын орындамас бұрын «А» бағдарламасындағы тапсырмаларды әрбір оқушы орындауға міндетті. «В» – бағдарламасын қолдануға арналған есептерді орындау оқушылардың оқу, ой-әрекетінің арнайы тәсілдерін меңгеруін қамтамасыз етеді. Бұл деңгей мәліметтер көлемін кеңейтіп, негізгі материалды терең түсінуге көмектеседі.
«С» – бағдарламасының орындалуы оқушыларды алған білімді шығарма шылықпен қолданылатын деңгейге көтереді. Бұл бағдарлама оқу жұмысы мен ой-әрекетінің тәсілдерін және деректі оқу материалын еркін игеруді көздейді. Оқушыға өзін қосымша жұмыста көрсетуге мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет