Авторитарлық тәрбие - тәрбиелеушінің еркіне бағынушылықты қарастыратын тәрбиелік концепциясы. Балалар белсенділігінің дамуын, олардың жеке даралық қабілеттерін тұншықтыратын, тәрбиелеуші мен тәрбиеленушінің арасында кері пиғыл туғызатын тәрбие. Педагогикалық басшылықтың авторитарлық стилі билік қатынастарға негізделген, оқушылардың жеке дара ерекшеліктерін мойындамайтын, тәрбиеленушілермен әрекет жолдарында адамгершілік тәсілдерін ескермейді. Авторитарлық педагогиканың принципі - мұғалім - субъект, ал оқушы - тәрбиелеу мен оқытудың объектісі. Баланы басқарудың түрлі әдістері мұқият карастырылған: қауіп, бақылау, бұйыру, тыйым салу, жазалау. Сабақ қатаң ұйымдастырылған, екпін тәрбиелік окытуға түседі. Көрнекті өкілі - Иоганн Фридрих Гербарт (1776-1841). Мұндай стиль педагогқа ерекше мамандандырылған сипат туғызады: догматизм, күнәсіздік сезімі, педагогикалық әсірелеушілік, ойларындағы кешірімсіздік. Педагогикалық қызметтері оның бір көрінісі - морализацияны пайдалану