Педагогикалық iс-әрекет, бiр қатар iс-әрекеттер iшiндегi күрделi ұйымдасқан жүйе болып есептеледi.
Оқыту барысындағы мұғалiмнiң iс - әрекетi. Сабақ берушi педагог жалпы қызметтер мен мағыналардың iшiнен өзiне қатысты қызметтердi ғана атқаруы тиiс. Келесi iс-әрекеттер бiрiншi iс - әрекеттерге рефлекстiк қосымша ретiнде келедi, яғни оған қызмет жасайды.
Оқытудың тиiмдi амалдары мен құралдарын және оқытудың процедураларын теңдестiргендегi оқыту тәжiрбиесiнiң жалпылама iс-әрекетi – оқытудың амалдары мен әдiстерiн құрастыратын методист iс - әрекетi осындай.
Іс -әрекеттiң методикалығы, бiрақ ол оқу құралдары мен оқу сабақтарын құрастыруға бағытталған.
Іс - әрекет оқыту сабақтарын бiр тұтас жүйеге сабақтастырудан тұрады – оқу бағдарламаларын құрастыру бағдарламалау iс - әрекетi. Мұндай бағдарламалауды жүзеге асыру үшiн, оқытудың мақсатын бiлу қажет, бiрақта оқытудың бағдарламаларын құру барысында мақсаттың кейбiр жалпы бөлiктерiне бағытталады.