Мұғалімнің қабілеттері 5. Ұйымдастырушылық – балаларды қызықтыру, ынталандыру, сенімділігін арттыру, олардың жеке және ұжымдық іс–әрекетін ұйымдастыра білу қабілеттілігінің болуы. 6. Экспрессивтік (функционалдық) – өз ойын, білімін, сенімін сырттай ым–ишара және сөз арқылы бейнелей білу. 7. Академиялық – танымдық іс–әрекетке қабілеті, балаларға ықпал ету құралдары, формалары мен әдістері туралы білімдерін жүйелей білуі, өзіндік білім алу, ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша өз тәжірибесін зерделеу және тұжырымдай білу. 8. Техникалық-технологиялық – металл, ағаш өңдеу, электромонтаждау жұмыстарының қолмен және механикаландырылған түрлерін білуі, ағаш және металл өңдеу станоктарында жұмыс жасай білу, автомобиль жүргізе білу іскерліктері. Педагогикалық іс- әрекет тәсілдері: - түсіндіру;
- көрсету (иллюстрация);
- оқушылармен бірігіп атқарылатын жұмыс;
- оқушы тәжірибесі;
- тренингтер
Педагогикалық іс- әрекет нәтижесі Педагогикалық іс-әрекеттің негізгі мақсатының орындалуы ретінде оқушының тұлғалық, интеллектуалдық дамуы, оны тұлға ретінде, іс- әрекет субъектісі ретінде жетілуі, қалыптасуы. Қазіргі заман мұғалімі қызметіндегі ең басты ерекшеліктердің бірі – жастарға рухани тұрғыдан ықпал жасауды нығайту, сол арқылы еліміздің нағыз белсенді азаматтарын, еңбеккерлерін, Отан қорғаушыларын тәрбиелеп шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |