Педагог мамандығының негізгі міндеті – қоғамдық мақсатты түсініп, басқа адамдардың күш-жігерін сол мақсатқа жетуге бағыттау.
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі ол гуманистік, ұжымдық және шығармашылық сипаттамалардан тұрады
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шартты — баланы жақсы көру. Балаларды жақсы көрмей тұрып, оларды адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс-әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады.
Балаларды біреуді жақсы, ал біреуді жек көруге тәрбиелеуге болмайды. Н. К. Крупскаяның пікірінше, мұғалімнің балаларды жақсы көре білмеуі, оның жарамсыз маман екендігін көрсетеді.
Бала жақсы көргенді-жаксы көреді, құрметтегенді — құрметтейді. Олар әуелі өз «физигін», «математигін», «әдебиетшісін», сонан соң физиканы, математиканы немесе әдебиетті ұнатады немесе ұнатпайды. Екіншіден, шәкіртін жақсы көрген мұғалім, жұмысын да ұнатады.
ХХ ғасырдың 50-70 жылдарындағы көптеген ғылыми-педагогикалық зерттеулер мұғалім мамандығының қыр-сырын, педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерін жан-жақты талдауға бағытталады:
- педагогикалық іс-әрекет құрылымы (Н.В:Кузьмина, А.И.Щербаков т.б.);
- педагогикалық техника (Ю.П.Азаров т.б.);
- мұғалім профессиограммасы (С.А.Сластенин, О.А.Абдуллина т.б.)
Педагогикалық іс-әрекет – педагогикалық процесте жас ұрпақты оқытып, тәрбиелеп, дамытуға, өздерін өздері іске асыруға және еркін шығармашылық тұрғыдан өздерін таныта алуларына қолайлы жағдай жасауға бағытталған кәсіби іс-әрекет.
Педагогтік іс-әрекет өте динамикалық жүйе, оның өзіндік арнайы құрылымы бар. Олар бірнеше бөліктерден тұрады:
- танымдылық,
- құра-білушілік (конструктивтік),
- коммуникативтік (қарым-қатынас),
- ұйымдастырушылық,
- хабарлама
- зерттеушілік іскерліктер мен дағдылар.
Достарыңызбен бөлісу: |