Тест «Сіздің адамдарменқарым-қатынас жасауға бейімділігіңіз» Берілген 16 сұрақтың әркайсысына «иә», «кейде», «жоқ» деп шынайы жауап беріңіз.
1.Сізді ерекше ресми кездесу күтіп түр. Ол сізді қобалжытып, көңіл-күйіңізге әсер ете ме ?
Сіз дәрігерге баруды ауру жаныңызға батқанға дейн кейінге қалдыра бересіз бе?
Сізді бұрын өзіңіз көрмеген қалаға жұмыс бабымен іс сапарға жіберетін болды делік. Сол сапарға бармаудың түрлі амалдарын іздестіресіз бе?
Ішкі толғаныстарыңызды кез келген адамға жайып сала бересіз бе?
6. Көшеде танымайтын адамның жол көрсету, уақытты айту,
немесе басқа бір өтініштері сізді ашуландыра ма?
«Бала мен әке» арасында кикілжің - екі ұрпақ өкілінің бірі-бірін түсінуге қиын болады дегенге сенесіз бе?
Танысыңыздың бұдан біраз уақыт бұрын өзіңізден азын-аулақ ақша алғанын есіне түсіруге ұяласыз ба?
Қоғамдык тамақтандыру орындарында сізге дәмсіз ас берсе сіз үндемей тамақты бір шетке ысырып қоя саласыз ба?
10. Таныс емес адаммен- жеке қалғанда онымен өзіңіз
әңгімелеспейсіз, дегенмен ол алдымен сөз бастаса сіз оны қаламай қаласыз. Шындығында солай ма?
Қандай да болмасын ұзаққа созылған кезекке тұру (дүкенде, кітапханада, кинотеатр кассасында) сіз үшін үлкен қиындық. ұзак кезектің соңында тұрғанша сіз атқаруға келген ісіңізді тындырып кетуден бас тартасыз ба?
Жанжалды жағдайды шешетін сарапшылар құрамына кіруге жүрексінесіз бе?
Әдебиет, өнер, мәдениет туындыларына баға беруде өзгенің пікіріне қосылмай, өзіңіздің жеке пікіріңізді білдіре аласыз ба?
Сіз өзіңізге белгілі нәрсе туралы қате пікір естісеңіз үндемей қоя саласыз ба? Дауласпайсыз ба?
Сізге өз ойыңызды (пікіріңізді, бағаңызды) ауызшаға қарағанда жазбаша білдіру оңай ма?
Енді корытындыны шығарып көріңіз:
«Иә» - 2 ұпай.
«Кейде» - 1 ұпай.
«Жоқ» - 0 ұпай,
Жинақталған ұпай санын қосып,өзіңіздің қай топка жататынынызды анықтаңыз.
30-32 ұпай: Сіз ортаға мүлде бейімделгіш емессіз. Мінезіңіздегі олқылық та осы. Осыдан зардап шегетін де өзіңіз. Айналадағыларға қиындық тудырасыз. Сізге ұжымдық жұмыстарға арқа сүйеуге, сеніп тапсыруға болмайды. Өзіңізді-өзіңіз көпшіл болуға тәрбиелеңіз, өзіңізге-өзіңіз бақылау жасаңыз.
25-29 ұпай: Сіз тұйықсыз, көп сөйлемейсіз, жалғыздықты жақсы кересіз, сондыктан достарыңыз да аз. Жаңа жұмыс орны, осыған байланысты орныққан байланыстар сізді қалыпты жағдайдан ауытқытып жібереді. Өз мінез ерекшеліктеріңізді білесіз де, өзіңіз өзіңізге риза болмайсыз. Риза болмаушылықты ғана басшылыққа алмаңыз. Оны жеңу қолыңыздан келеді. Бар ынтаңызбен жұмыс істесеңіз, мүмкін жылдам «беймделгіш» болып кетерсіз. Тек өзіңізді-өзіңіз қолга алғаныңыз жөн.