Сабақтың әдістемелік қамтамасыз етілуі
Берілген тақырып бойынша студенттердің білімін тұрақтандыру үшін әр түрлі тәсілдер, педагогикалық әдістер қолданылды. Әртүрлі тәсілдерді ұштастыра отырып сабақ өткізу оқытушы студенттердің назарын өзіне аударуға толық мүмкіндік берді. Студенттердің белсенділігін анықтау үшін сұрақтар қойылды, іс-тәжірибемен байланысы көрсетілді. Пәнаралық және пәнішілік байланыстар және оларды жүзеге асыру көрсетілді. Сабақ барысында лектор аудиториямен үнемі байланыста болды. Сабақ барысында лектор таұырыпты және оқытылып отырған курсты толық игеру мақсатында пререквизитті пәндерді меңгерудің маңыздылығын атап өтті.
Берілген білімді тиянақтау үшін сабақ барысында берілген ақпаратты қорытындылайтын сұрақтар қойылды. Жаңа тақырыпты түсіндіру ауызша және көрнекі әдістерді қолдана отырып жүзеге асырылды.
Жаңа тақырып слайдқа жүгіне отырып түсіндірілді. Тақырыпқа байланысты мысалдар келтірілді.
Дәріс сабағын қорытындылау үшін студенттерге СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалы берілді. Осы тақырыпқа байланысты ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |