Педагогикалық шеберлікпедагогикалық ынтымақтастыққа реңк беретін жəне оқу-тəрбие үдерісін оңтайландыратын ортаны құрайтын гуманистік позиция мен педагогикалық қатынас жасаудан басталады.
Педагогикалық шеберлік педагогикалық ынтымақтастыққа реңк беретін жəне оқу-тəрбие үдерісін оңтайландыратын ортаны құрайтын гуманистік позиция мен педагогикалық қатынас жасаудан басталады.
Шеберлік кəсіби қызметтің өзін-өзі ұйымдастырудың жоғарғы деңгейін қамтамасыз етеді, ол өзіне келесіні: гуманистік бағыттылықты, кəсіби білімдерді, педагогикалық қабілеттер мен педагогикалық техниканы қамтиды.
Педагогикалық шеберлік заманауи қоғамның білім беру үдерісін жасау талаптарына сəйкес гуманистік бағыттылықтың болуын болжайды.
Педагогтың кəсіби шеберлігін дамыту іргетасы кәсіби білім болып табылады. Ол кəсібиліктің «қаңқасын» құрайды жəне оны үнемі жетілдіру мүмкіндігін береді.
Педагогикалық қабілеттер– оны жетілдіру жылдамдығын қамтамасыз ететін шеберліктің ашытқысы.
Педагогикалық техникабілімге, қабілеттерге сүйенеді, ықпал етудің барлық құралдарын мақсатпен үйлестіруге мүмкіндік береді, сонымен педагогикалық қызметтің құрылымын үйлестіреді.