Үйреншікті зейін. Үлкен адамдардың зейіні көбінесе үйреншікті болады. Бала кітап оқуды, жазу жазуды әдейілеп зейін салып, қайрат күш жұмсап үйренеді. Бұларды меңгеріп алған соң, қызықтырып тұрған күрделі міндетінеырықты зейін бағынып, кейін арнайы күш жұмсамай-ақ орындалады. Бұл процесті үйреншікті зейін деп атайды.
Біздің зейініміз өзіміздің қызығып атқаратын күрделі іс-әрекетімізбен байланысты. Ұзақ уақыт кітап оқимыз, грамматикалық талдау жасаймыз. Осындай іс-әрекетті әуелде зейін салып істейміз де, артынан үйреншікті зейінге айналады. Сөйлеу үйреншікті зейінмен орындалады. Үйреншікті зейін ырықты зейінмен дамып қалыптасады.
2. Зейінді дамытуда, әрі өтілетін оқу іс-әрекетінің жемісті болуына сыртқы жағдайдың атқаратын маңызы зор. Бала еңбектенетін жерде, оның көңілін аударатын қоздырғыштардың (шу, баланы қызықтыратын қажетсіз әңгімелер) болмауы керек, қажетті гигеналық шаралар сақталуы шарт (таза ауа, тиісті жарық). Баланың жалпы ақыл-ойы өскен сайын оның ырықсыз зейінінің дамуы да күшие түседі.
Балада педагогты тыңдау, оқу материалының мазмұнына үңілу сықылды зейінділік әдеті болмайды. Балалардың зейін ерекшеліктерін білген педагогке олармен сабақ өткізу жеңіл болады. Оқу іс-әрекеті басталарда, оның мақсатын айтқан пайдалы, өйткені балалар өзінің міндеттерін түсініп, немен айналысатынын біліп отыру қажет. Жұмыс басталарда балаларды алда тұрған істі қуанышпен күтетіндей дәрежеге жеткізген пайдалы.
Баланың зейінін тәрбиелегенде айналадағы жарамсыз жағдайды өзгертіп немесе зейінді соған бейімдеу керек. Баланың зейіні тіпті ерте, өмірінің бірінші айларында көрінеді. Әуелі ырықсыз зейін орнығады. Бөбек әшекейлі нәрсеге көзін, әуезді дыбысқа құлағын салады. Тәрбиенің ықпалымен дамып келе жатқан сезімімен, мүлдесімен, игілік-қызығумен сабақтасып, ойын, іс-әрекетінде жас балаларда ырықты зейін пайда болады. Баланың ырықты зейініне түйілетін нәрселерінің көлемі кеңиді және зеиіннің күші мен тұрақтылығы арта бастайды. Үлкендердің нұсқауымен түйілетін ырықты зейін 3-5 жас арасындағы балаларда болады. Үш пен жеті жас арасындағы баланың зейінін дамытуға ойынның үлкен мәні бар. Бала ойнағанда алдына мақсат қояды, ойынның айла-тәсілін өздері тыңдап, қимыл әрекетін өздері ұйымдастырып, біреуі екіншісінің істегенін бақылайды.
Ырықты зейін мектеп жасында едәуір дамиды. Бала жасының ілгерілеуіне қарай, зейіннің жеке-жеке қасиеттері-көлемі, ауысуы, бөлінуі, күші мен тұрақтылығы дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |