«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары



бет43/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. А.В.Луначарскийдің педагогқа қойылатын талаптары

  2. Н.К.Крупскаяның берген үлгілі мұғалімнің критерийлері

  3. Педагогикалық шеберлік туралы А.С:Макаренконың пікірлері

  4. В.А.Сухомлинскийдің педагог тұлғасы туралы пікірі

2 тақырып. Педагогикалық үрдістегі зейін және байқампаздық.


Жоспары:

  1. Зейіннің қызметі, түрлері

  2. Педагогикалық зейінді дамыту жолдары.

1. Егер адам не істеп жатқанына өзінің зейінін аудармаса, бірден-бір психикалық процесс мақсатқа дәл бағытталып, жемісті болып шықпайды. Біз бір затқа қарасақ, оны байқамауымыз немесе нашар көруіміз мүмкін. Өз ойымен болып отырған адам қасында сөйлесіп отырған адамдардың сөздерін естіп отырса да, бір жеріміздің ауырып отырғанын сезінбеуіміз де мүмкін. Керісінше, адам бір затқа немесе іс-әрекетке көңіл аударса, оның, егжей-тегжейіне дейін бәрін біледі және іс жемісті болып шығады. Өзіміздің зейінімізді түсіктерге аудара отырып, біз өзіміздің сезімталдығымызды күшейтеміз.


Зейін дегеніміз- сананың қандай да болса бір затқа, құбылысқа немесе іс-әрекетке бағытталуы және шоғырлануы. Сананың бағытталуы деп объектіні таңдап алуыды айтамыз, ал сананың бір нәрсеге шоғырлануы дегенде, бұл объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтады. Егер балалардың зейіні оқу материалдарына аударылса, олар неғұрлым жақсы түсініп, жақсы ұға алады, оның үстіне балалар сабақта зейін сала жұмыс істейді. Сыныпта тәртіптің болуында қамтамасыз етеді. Зейін бір дербес психикалық процесс емес, өйткені ол басқа процестерсіз көріне алмайды. Біз зейін қойып немесе зейін аудармай қараймыз, тыңдаймыз(яғни қабылдаймыз), ойлаймыз(яғни ой жүгіртеміз) немесе бір нәрсені істейміз. Сөйтіп зейін әр түрлі психикалық процестердің тек бір жағы немесе қасиеті ғана болып табылады.
Адам ойлау кезінде бір іс-әрекетпен шұғылданумен (бір нәрсе істейді немесе бір нәрсені ойлайды) байланысты оның зейіні сол нәсеге ауады. Егер оқушының зейіні сабақтың мазмұнына аударылмаса, демек, оның зейіні басқа нәрсеге ауып отырғаны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет