«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет5/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Каржауова Анаргүл Шалибекқызы

Орал қаласы №25 жалпы орта білім беретін мектептің директоры

Калаханова Светлана Бақтыбайқызы

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика, психология магистрі.



Бағдарлама «Білім» бейіні бойынша Оқу-әдістемелік бірлестікте қаралды және құпталды.

201 _ жылғы «___» _________ № __ хаттамасы


Оқу-әдістемелік бірлестік төрағасы _______________ Ш.Х.Құрманалина


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері
бойынша Республикалық оқу-әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды.

20__ жылғы «___»____________ №__ хаттамасы


РОӘК төрағасы ________________ Қ. Бөрібеков


Үлгілік оқу бағдарламаның сапасын арттыру бойынша ескертулер мен ұсыныстарыңызды мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 090000, БҚО, Орал қаласы, Достық даңғылы 173
e-mail: umo.pedcollegezhd@mail.ru,, сайт: www.pedcolleg.kz



Мазмұны









беті.










1.

Түсіндірме жазба…………...............................................................













2.

Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер…...................................













3.

Пәннің тақырыптық жоспары мен мазмұны……..........................













3.1

Пәннің тақырыптық жоспары..........................................................













3.2

Пәннің мазмұны................ ...............................................................













4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау................................













5.

Әдебиеттер және оқу құралдары………........................................






1. Түсіндірме жазба

Осы үлгілік оқу бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру бойынша үлгілік оқу жоспарлары мен білім беретін оқу бағдарламаларына (2013 жылғы 24 сәуірдегі №150 бұйрығымен) сәйкес 0105000 «Бастауыш білім беру» мамандығы бойынша әзірленген.


Негізгі мақсаты: білім жүйесін жаңарту жағдайындағы мұғалімнің кәсіби қызметінің мәнін және алатын орнын студенттердің түсінуіне көмектесу.
Міндеттері:

  • оқушылардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатымен жалпыпедагогикалық мәселелер бойынша қосымша ақпараттарды меңгеруге қөмектесу;

  • оқушылардың тәрбие теориясы бойынша алған білімдерін практикада қолдану іскерлігін жетілдіру;

  • тәрбие – білімдік үрдіске қатысушылар арасындағы тұлға аралық қарым – қатынасты сауатты ұйымдастыруға үйрету;

  • алуан түрлі жұмыс формаларын дайындау және өткізуде жеке тұлғаға бағдарланған тұрғыдан келу іскерлігін қалыптастыру;

  • оқушылармен және ата –аналармен жүргізілетін жұмыс формалары және әдістерінің педагогикалық қорын жасақтауға көмектесу.

«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәні бойынша типтік оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін оқытудың мына формалары ұсынылады: лекциялар, семинарлар, практикумдар, тренингілер.
Оқу материалының ерекшілігі мен күрделілігін ескере отырып, мына оқыту әдістері ұсынылады: дәстүрлі әдістер, ойын, интерактивтік (әңгімелесу, пікірталастар, ой майданы, дөңгелек жоза, іскерлік ойын, практикалық жұмыстар сайысы, терапия) бағдарламалық және проблемалық оқыту (тапсырмалар, міндет – жағдаяттар) және басқалары.
Пәнді оқыту барысында ынтымақтастық, білім беруді ізгілендіру, проблемалық оқыту, ойын, модульдық, ақпараттық-коммуникациялық, ұжымдық және топтық оқыту, жобалап оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту және басқа оқыту технологияларын қолдану ұсынылады.
Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.
Бөлім мен тақырыптардың тізбесі оқытылатын тақырыптарды (бөлімдерді) кеңейту және (немесе) тереңдету жағына қарай өзгертілуі мүмкін.
Үлгілік оқу бағдарламасы педагогикалық этика, педагогика, психология, менеджмент негіздері пәндері бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді.
Пән бойынша алынған білім педагогика, жеке әдістемелер пәндерін оқып үйренуде қолданылады.
Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінің базалық мазмұнына және күтілетін деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды іске асыруға арналған техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары үшін жұмыс бағдарламаларын әзірлеуге негіз болып табылады.
Үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып:

  • кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеруге бөлінген оқу уақытының жиынтық көлемін сақтаған кезде циклдар мен пәндер үшін оқу уақыты көлемін 25% дейін өзгертуге;

  • бөлімдер мен тақырыптарға берілген жалпы сағат көлемін бөлуге (пәнді оқытуға берілген жалпы бюджеттік көлемдегі уақыт);

  • бағдарламалық материалды бірізділікпен оқытуда дәлелденген өзгерістерді енгізуге;

  • жеке тәжірибелік және зертханалық сабақтарды басқа мазмұны сәйкес сабақтармен алмастыруға.

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет