2.Кездесу Мақсаты: Адамға жағымды сөздер айта білуге жаттықтыру, вербальді қарм- қатынас жағдайын орнату.
Мазмұны: Қатысушылар екі шеңбер құрып тұрады. /ішкі және сыртқы шеңбе/. Жүргізушінің белгісімен ойыншылар шеңбер бойында қозғала бастайды. Сыртқы шеңбер бір бағытқа, ішкі шеңбер екінші бағытқа қарай қозғалады. Жүргізушінің белгісімен қозғалыс тоқталады. Сыртқы шеңбердегілер мен ішкі шеңбердегілер бір-біріне бұрылып қарап жұптасып тұрады.
Әр жұпқа белгілі бір тапсырма беріледі:
А) Сіздер ұзақ уақыттан соң кездестіңдер, бұрын өте жақын болмағанмен жақсы қарым-қатынаста болдыңдар. Өз сезімдеріңізді көрсетіңдер!
Ә) Бала кезде өте жақын жолдас болдыңдар. Біріңіздің ата-анаңыз басқа қалаға көшіп кетті делік, сөйтіп ұзақ жылдардан соң кездестіңдер.
Б) Сенің алдында тұрған адам өте ұялшақ, ал оны алда маңызды да, қиын кездесу күтіп тұр.Сен оның көңілін орнықтыр!
В) Мына адам сен үшін өте бір жағымды іс істеді, ал сен оны енді ғана біліп тұрсың.
Г) Мына адамның керемет ісі жайлы (рекорд жасады, жаңалық ашты) жақында ғана білдің. Міне енді сендер кездестіңдер!
Д) Мына адамның бүгін жолы болмады, бұл әділетсіздік, сыр бермей-ақ тұр. Ал сен оның досысың, оның қандай күйде екенін түсінесің.
3.« Алақан » Мақсаты: топтың бір-бірімен жақындай түсуі және жеке тұлғаның жағымды қарым-қатынасын орнату.
Уақыты: 10-20 минут.
Көрнекілігі:ақ парақ , қарындаш.
Жүргізілуі:әр топ мүшесі өзінің алақанын ақ параққа түсіреді. Алақан бейнесі ортасына өз аттарын жазады. Одан кейін ол өз алақанын бейнеленген қағазды оң жақтағы көршісіне береді, ал көршісі парақтағы бейнені бар саусағына алақан иесінің жақсы бір қасиетін жазып, әрі қарай жалғастырады., сөйтіп парақ жалғаса түседі, парақ қағаз иесінің қолына тигенде тренинг аяқталады. Тренер барлық қағазды жинап алып аралыстыруды өтінеді.Содан кейін жүргізуші әр қағаздығы тізілген әсерлі сөздерді оқиды. Қатысушылар оның кімге арналғанын тауып алуы керек. Тренинг аяталған соң әр топ мүшесіне өз алақанын таратылып беріледі.