«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет71/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Ата-аналар жиналысына дайындалу
І кезең. Ата-аналар жиналысын ұйымдастыру.
Бұл кезең күн тәртібін анықтау және барлық қатысушыларды шақырудан басталады. Бұдан әрі сынып жетекшінің пән мұғалімдерімен әңгімелесу өткізгені жөн. Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың сабақтағы оқу жетістіктері мен мінез-құлық ерекшеліктерін оңаша талқыға салу. Ата-аналарды балалардың оқуы барысындағы егжей-тегжейлі нәтижелері қызықтыратыны сөзсіз. Сондықтан да, біздің ойымызша, ер балаға жеке-жеке үлгерім парағы толтырылуы тиіс. Бұл жұмыс қанша қиын болса да, өзін ақтайды, өйткені күнделік оқушының оқу процесіндегі тұтас дамуы туралы мәлімет бере алмайтыны баршаға белгілі.
Жиналысты дайындағанда ата-аналардың келуін ұйымдастыру да қарастырылуы тиіс. Тәжірибе бұл іс оқушылардың күнделігінде бақылау жазбаларын жасаудан да маңыздырақ екенін көрсетеді. Ата-аналарды алдын ала шақыру, балалардың сыныптан тыс өмірін көрсететін альбомдар мен бейне материалдарды даярлау, балалары конкурстар мен олимпиадаларға қатысқан ата-аналарға алдын ала алғыс хат жазу. Дайындық кезеңінің ұйымдастыру бөлімі сынып бөлмесін ата-аналар жиналысын өткізу үшін безендірумен аяқталады.
ІІ кезең. Жиналыс сценарийін даярлау және өткізу.
Жиналыс сценарийі мен өткізу – педагог шығармашылығына байланысты. Кез келген жиналысқа мыналар кіреді:

  • Сынып оқушыларының оқу жетістіктеріне талдау жасау.

  • Ата-аналарды сыныптың әлеуметтік-эмоциялық ахуалын таныстыру.

  • Психологиялық-педагогикалық ағарту.

  • Ұйымдастыру мәселелерін талқылау.

  • Ата-аналармен жеке сұхбаттасу.

ІІІ кезең. Ата-аналар жиналысының қортындысын шығару.
Жиналыс қортындысын шығару жиналыстың өзінде-ақ басталады: қортынды шығару, қажетті шешімдерді жинақтау, келесі жиналысты дайындауға ақпарат беру қажет. Ата-аналардың өткізілген жиналысқа көзқарасын білу, ата-аналардың бағасы мен тілектерін білуге қажетті сауалнама парақтарын даярлау маңызды. Мұның барлығы кейін сынып жетекшісі үшін ой жүгірту нәрсесіне айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет