«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет79/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

уаныш ӨНЕРЖАН./


5 практикалық сабақ.


Тақырыбы: Педагогикалық қарым – қатынас және оның қызметі


Мақсаты:

Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Қарым-қатынастың тараптарын жаз.

2 тапсырма. Алдыңызда берілген тізбекке қарым-қатынастың құралдарын толтырып, жазыңыз.

3 тапсырма. Қарым-қатынастың формаларының (төте, жанама, сөз жүзінде) мәнін ашып, түсіндіріңіз.

4 тапсырма. Суретте бейнеленген адамдардың қимылына, эмоциясына назар аударып, сипаттама беріңіз.

5 тапсырма. «Қарым – қатынасқа түсудің деңгейін бағалау» тестісін толтырып, өзіңізді анықтаңыз.

  1. Сізді іскерлік кездесу күтіп тұр делік. Бұл күту сіздің мазаңызды кетіріп, үйреншікті қалпыңызға өз әсерін тигізеді ме?

  2. Дәрігерлік қабылдауға баруды ең соңғы сәтке дейін кешеуілдете бересіз бе?

  3. Егер сізге жиналыста баяндама жасау, ақпарат беру тапсырылса, бұл тапсырма сіздің көңіліңізде дағдару мен жақтырмау сезімін тудырмайды ма?

  4. Сізге бұрын өзіңіз болмаған өзге бір қалаға іс - сапармен баруға қолқа салса, бармау үшін сылтау табуға тырысасыз ба?

  5. Көңіліңіздегі мазалаған уайымды өзгеге айтқанды жақсы көресіз бе?

  6. Егер де көшедегі бейтаныс біреу сізден сағат сұрап, жол көрсетуді өтінсе, немесе басқа сұрақтар қойса, сіз ол адамды жақтырмайсыз ба?

  7. Әртүрлі жастардағы ұрпақтардың бір – бірімен түсінісуі қиын, «Әкелер мен балалар» проблемасы бар дегенге сенесіз бе?

  8. Бірнеше ай бұрын сізден алған қарыз ақшасын қайтармаған танысыңызға оның ұмытқанын есіне салуға ұяласыз ба?

  9. 9.Бейтаныс адаммен бетпе – бет қалғанда, сіз онымен әңгімелесіп кетпей, егер ол бірінші сөз бастаса, әңгімеден қашқақтап, мойын бұрғыңыз келмей тұратын жағдайлар болады ма?

  10. 10.Қандай да боласын кезекке (дүкенде, кітапханада т.б.) сіздің көңіліңізде үрей тудырады ма?

  11. 11.Дау – жанжалды қарайтын комиссия мүшесі болуға келісесіз бе?

  12. 12.Сіздің әдебиетке, өнерге, мәдениетке беретін өз бағаңыз бар, бұл туралы өзгенің пікірін қабылдайсыз ба?

  13. 13.Өзіңізге жақсы таныс жайлар туралы біреудің көпе – көрінеу қате пікірін естісеңіз, сөз таластырмай, үндемей қоя саласыз ба?

  14. 14.Біреудің сізден оқу немесе жұмыс жөнінен түсінбегенін сұрағанын жақтырмайсыз ба?

  15. 15.Өз көзқарасыңызды (пікіріңіз, бағаңыз) ауызша айтқаннан гөрі, жазбаша білдіргенді тәуір көресіз бе?

Тест қорытындысы:
Енді жауаптарыңызды бағалаңыз: әрбір «иә» деген жауапқа – 2 ұпай, «кейде» - 1 ұпай, «жоқ» - 0 ұпай болып бағаланады. Ұпайларды қосыңыз да қандай мінезді адамдардың санатына жататыныңызды анықтаңыз.
25 – 29 ұпай. Сіз сөзшең емессіз, жалғыздықты ұнатасыз, сондықтан достарыңыз аз. Жаңа жұмыс, жаңа таныстық сізді біраз уақыт қобалжытады, өзіңізге өзіңіздің көңіліңіз толмайды. Бұл олқылықты жөндеуге сіздің жігеріңіз жетеді.
19 – 24 ұпай. Белгілі дәрежеде сізді ашық мінезді деуге болады. Бірақ та жаңа адамдармен араласуда әліптің артын бағасыз. Пікірталасқа, сөз таластыруға құлшынбайсыз. Сөзіңіздің көбісі кекесін, сенімсіздік білдірсе сөйлеу әдетіңіз. Бұл олқылықтарды жөндеуге болады.
14 – 18 ұпай. Сіздің коммуникабельдігіңіз нормаға сай. Сіз білуге құштар жансыз, өзгені тыңдай аласыз, өз көзқарасыңызды дәлелдеуге сабырлық танытасыз, кінәмшіл емессіз. Сонымен қатар шуылдақ топты, көпірме сөзді жақтырмайсыз.
9 – 13 ұпай. Сіз өте ашық, аңқылдақ адамсыз. Сөзшеңдігіңіз, қай мәселеге де өз ойыңызды айта беретіндігіңіз наразылық тудырады, өзгелердің сізді жақтырмауы да мүмкін. Сізге жетіспейтіні – шыдамдылық, орнықтылық.
4 – 8 ұпай. Сіз ашықсыз, өзімсініп, барлық іске араласып жүресіз. Барлық пікірталасқа қатысып, сөз таластырғанды жақсы көресіз. Бірақ күрделі мәселелерге шамаңыз келмейді, жауапты іс тапсыруға келгенде сізге әріптесіңіз сенім білдірмейді. Бұл жай сізді ойландыру керек!
3 ұпайдан төмен. Сіздің коммуникабельдігіңіз өзіңізге де, өзгеге де пайда әкелмейді. Сіз көп сөздісіз. Жүрген жеріңіз ұрыссыз болмайды, көбіне өзіңіз кінәлі болып шығасыз. Бұрқ етіп тез ашуланасыз. Ойланыңыз. Өзіңіздің мінез – құлқыңызды өзгерту үшін көп тер төгуге тура келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет