3-сабақ
Мақсаты: оқушының оқу процесінде зейін тұрақтылығын, зейіннің бөлінуін, шоғырлануын қалыптастыру.
1. Жаттығу: «Жылы жүрек»
2. Жаттығу: көзіңді жұмып, кластағы балалардың атын атап, үстіндегі киімдерін суретте.
3. Жаттығу: көзіңді жұмып, кластағы балалардың атын атап, шашының, көзінің түстерін айтып бер.
4. Жаттығу: көзіңді жұмып, кластағы балалардың бойы кішкентайынан биігіне қарай атын атап айтып бер.
5. 2 минут ішінде көзіңді жұмып, естіген дыбыстарыңды санап шық.
6. Артыңа қарамай, қандай заттар тұр, олардың түсі, көлемі, формасын айтып бер.
7. Мұғалімнің айтуы бойынша алақанын ұрғанда сен соған сай қимыл жаса:
1 -рет соққанда – тырна бейнесі (бір аяғыңды көтеріп, екінші аяғыңмен тік тұр)
2- рет соққанда – құрбақа бейнесі (отырып, өкшесі бірге, аяғының арасы ашық. Тізесі алшаң, қолы аяғының ортасында еденге тигізіп)
8. Алаңдаушы фокторларды жою мақсатында: қосылып тұрған радио қасында өлең жаттап көр, алғашқы 4 қатарын дауысты жай шығарып жатта. Екінші 4 қатарын қаттырақ шығарып жатта.
9. Рефлексия. «Суретші»
2 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Мұғалімнің өзінің эмоциональдық жағдайын басқару шеберлігі
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Суреттегі эмоцияларды анықтап, түсіндіріңіз.
2 тапсырма. “ Менің көңіл – күйімнің түсі ” жаттығуы.
Қатысушылар дәл қазіргі кездегі көңіл – күйлерін ассоциациялайтын түстерін шеңбер бойынша атайды. Шеңбер ортасына “қуаныш”, “көңілсіздік, мұңды”, “ыза”, “үрей”, “қызығушылық” сөздері қойылады, және қатысушылардан бұл түсініктердің қандай байланысы бар екені сұралады. Жауап: бұл – эмоциялар. “Эмоция” сөзіне нақты анықтама беру сұралады.
Эмоция – қаншалықты жағымды болғанына қарай, қандай да объектіге немесе жағдайға деген қарым – қатынас. Басқа адамдардың эмоцияларын, көңіл – күй және өзіндік сезіммен анықталатын, олардың мінез – құлқы арқылы түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |