Жаттығу: «Амандасу»
Әрбір қатысушы топ мүшелерінің әрқайсысымен мимика, жест, пантомимикалардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сөзсіз амандасуы керек. Егер амандасу біркелкі болып кетсе, амандасу тәсілдерін еске салу қажет.
Жаттығу: «Баспа машинкасы».
Жаттығу мақсаты: сергіту, ұйымшылдықпен әрекет ету дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушыларға сөз немесе фраза жасырылады. Мәтінді құрайтын әріптер топ мүшелері арасында бөлініп беріледі. Кейін әркім өз әрпін атайды, фраза мүмкіндігінше жылдам айтылуы тиіс, ал сөздер арасындағы аралықта барлығы алақандарын соғып шапалақтайды.
10 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Тәрбиешінің шеберлігінің құрылымы
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Тәрбиеші шеберлігін дамытуда қажетті ең маңызды қасиеттерді атаңыз.
2 тапсырма. Тәрбиеші шеберлігін дамыту тақырыбы бойынша үш жақты күнделік кестесін толтырыңыз.
3 тапсырма. Тәрбиеші шеберлігін дамыту туралы жаңалықтар бағдарламасын кезбе тілші әдісін қолдану арқылы жасау қажет.
12 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Сынып жетекшісінің ата – аналармен жұмысы
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Сынып жетекші дегеніміз кім? Сілтемелерге жазыңыз.
2 тапсырма. «Ата- атанның бала тәрбиесіндегі рөлі» тақырбына баяндама дайындаңыз.
3 тапсырма. Сынып жетекшінің лауазымдық міндеттерінің кестесін толтырыңыз.
4 тапсырма. Ата-аналар жиналысының жоспарын құрыңыз?
13 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Мұғалімінің кәсіби өздігінен білім алуының негіздері
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Бір жылғы оқу жылына арналған мұғалімнің өз білімін жетілдіру жоспарын құрыңыз.
Үлгі:
Достарыңызбен бөлісу: |