«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет86/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

Педагогикалық әдеп – мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік.
Кәсіби біліктілік – бұл кәсіби іс-әрекеттегі субъекттің үнемі өсу үстінде болатын өзін-өзі дамыту үрдісі.
Кәсіби шеберлікті қалыптастыруоқытушының шығармашылық жеке тұлғасын қалыптастыру, жаңаны қабылдауға деген дайындықты қалыптастыру, педагогикалық инновацияларға деген қабылдауларын дамыту.
Компетенция” латын сөзі, аударғанда адамның жақсы хабардар мәселелер шеңбері және танымдық пен тәжірибеге ие болуы деген мағынаны білдіреді.
Эмоция – қаншалықты жағымды болғанына қарай, қандай да объектіге немесе жағдайға деген қарым – қатынас.
Әлеуметтік –психологиялық тренинг- қарапайым түсініктегі жаттығу ғана емес, бұл нақты бір дағдыларды игеру ғана емес, тұлғаның адамдармен қарым-қатынас жасаудағы бағыттылығын белсенділігін, құзыреттілігін қалыптастыру, топтың әлеуметтік-психологиялық нысана ретінде даму деңгейін арттыру мақсатын көздейді.
Эвристика -грек тілінде «таптым» деген мағынаны білдіреді
Педагогикалық шеберлік - педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік.
Шеберлік тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы
Педагогикалық қабілеттіліктер - шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеуде мұғалімнің жоғары нәтижелерге жетудің шарты болып табылатын жеке тұлғаның белгілі психологиялық ерекшеліктері.
Академиялық қабілеттіліктер – белгілі ғылым саласына қабілеттіліктер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). Қабілетті мұғалім оқу материалын оқу курсының көлемінде ғана біліп қоймайды, одан кең және терең біледі, әр уақытта да өз ғылымы саласындағы жаңалықтарды біліп отырады.
Перцептивтік қабілеттіліктер – шәкірттердің ішкі жан дүниесіне бойлай білетін, шәкірттерді нәзік түсіне білумен байланысты психологиялық байқағыштық қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілері бойынша сыртқы белгілерге шәкірттердің ішкі жағдайындағы сәл ғана өзгерістерді аңғарып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет