«Педагогикалық шеберлік негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешен



бет94/101
Дата20.05.2024
өлшемі6,52 Mb.
#202606
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101
Байланысты:
УМК ПЕД МАСТЕРСТВО новый

ӘДІСТЕМЕЛІК БЛОК


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулар
Дәріс сабақтарда берілетін тапсырмалар:
• дәріс конспектісі бойынша тапсырмалар;
• шығармашылық, зерттеу жұмыстары;
• тақырып бойынша өздік бақылау.
Практикалық сабақтар жүргізетін оқытушылар сабаққа дайындалғанда пән бойынша оқу - әдістемелік кешенмен мұқият танысып, оның өткізілетін уақытын белгілейді. Сонымен қатар оқытушы студенттерге баяндама, реферат жазуға көмектеседі. Практикалық сабақтың кіріспе бөлімінде оның теориялық және практикалық маңызын ашып, оны өткізу ретін анықтап, әрбір сұрақты талқылауға берілетін уақытты белгілейді. Практикалық сабақта әрбір студентке, оның ішінде леция сабақтарға түрлі себептермен қатыспаған, енжарлық көрсететін студенттерге назар аудару керек. Оқу сұрақтарын талдау барысында талқыланып отырған проблемалар бойынша көзқарастарын білу үшін қосымша нақтыландыратын сұрақтар қойылады. Орнынан қысқаша толықтырулар айтқан, оқытушы мен сөйлеушіге сұрақ қойған оқушыларды мадақтап отырған дұрыс. Оқылған материалды бекіту үшін оқытушы кесте, сызбалар қолданады. Практикалық сабақтың қорытынды бөлімінде объективтік баға беріледі. Практикалық сабақтардың жақсы жағы мен кемшіліктері айтылады. Студенттердің сұрақтарына жауап береді. Келесі сабақтың тақырыбы хабарланады. Сонымен қатар оқытушы ағымдағы және аралық аттестация кезінде студенттерге топтық және жеке ақыл - кеңестер беріп, көмек ретінде оларға оқу және басқа материалдарды, анықтамалық әдебиеттерді ұсынады.
Педагогика» пәнін меңгеру оқу үрдісінде дәстүрлі әдістермен қатар (дәріс, әдістемелік материалдар қолданылатын практикалық сабақтар) жаңа білімдік технологиялардың интерактивтік әдістерін қолдануды талап етеді. Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым –қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады. Интерактив бір көзқарастың немесе бір ғана сөйлесушінің басым болуы жағдайын болдырмайды. Сұхбаттасып оқыту барысында студенттер сыни ойлайды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешімдер қабылдауды, пікірталастарға қатысуды, басқа адамдармен тиімді қарым –қатынас жасауды үйренеді.
Дәстүрлі түрдегі практикалық сабақтар практикалық сабақтарды және студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға арналған бекітілген оқу - әдістемелік ұсынбалар негізінде өткізіледі. Әрбір тақырып талқыланатын сұрақтардан, өзбетіндік жұмысқа арналған тапсырмалардан, тақырыптың бақылау сұрақтарынан, оқуға ұсынылған әдебиеттерден тұрады. Егер практикалық сабақ интерактивтік формада өтсе, онда оқытушы оның өтетіндігі туралы күні бұрын ескертіп қою керек. Тапсырмаларды бөліп, презентация тақырыбын айтып, студенттерге интерактивтік формадағы сабаққа байланысты ақыл - кеңестер береді.
Интерактивтік әдістер оқушылардың өзара әрекеті, белсенділігіне негізделіп, топтық тәжірибеге, міндетті түрдегі қайтарымды байланысқа сүйенеді. Білімдік қарым - қатынас ортасы жасалады. Ол ашықтығымен, қатысушылардың өзара әрекетімен, дәйектерінің теңдігімен, бірлескен білім жинақтаумен, өзара баға және бақылау мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үдерісінде студенттердің өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді. Бұл үшін практикалық сабақтарда жеке, топтық, екі адамды қатыстыратын зерттеу жобалары, рөлдік ойындар жүргізіп, білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздері мен қызықты құжаттар, шығармашылық жұмыстармен жұмыстанады. Соның ішінде топтық ең тиімді топтық оқыту формасына нақты жағдайды талқылау, “ми шабуылы”, жобаны орындау және жүзеге асыру (ақпараттық, ойындық, зерттеу және шығармашылық т.б.), еркін пікірталас және т.б. жатқызуға болады. Бұл формалар өз нәтижесінде жаңа оқу мәлімет туғызатын ақпарат алмасу жағынан интерактивті.
Интерактивті әдістердің шартты түрде тренинг, рольдік ойын деп бөлінуі оның белсенді сипаттамасын дәлдей түсіп, ұстазға оқыту мақсатына жету үшін аз сағат ішінде көп көлемді материалды меңгертуге оқушы мен оқытушының синхрондық әрекеттерін арнайы ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Мұғалім сөз етілген тақырыпқа ғылыми нақты дәлелдер мен осы жағдайға қатысты өзінің жеке тұлғалық дүниетанымы мен құлықтық көзқарасын білдірген сәтте, интерактивті технологияны оқыту тұрғысынан, сонымен бірге тәрбиелеуде де айтарлықтай нәтижелілігін көрсете алды. Бұл пікірсайыс кезінде мұғалімнің үлес қосу формасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде ол өз ойын оқушыға міндеттеп, жүктемеуі қажет. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.
Соңғы уақытта әртүрлі пәндер бойынша іскерлік ойындар кең тарауда. Нақты өмірдегі процестерді (өндірістік, әлеуметтік, мәдени) бейнелеу студенттерді қызықтырып, жобалық қызметпен айналысуға мүмкіндік жасайды. Олар білімді жеңіл меңгеріп, өздері қатысып отырған процестерді жақсы түсінеді. Студенттер жалпы пікірсайыста өздерінің көзқарастарын қорғап үйренеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет