үй тапсырмаларын қабылдау және талдау(практикалық сабақтарда);;
курс жұмыстарын(жобалар) орындау, қорғау (оқу жоспарындағы сағаттар бойынша);
оқу –зерттеу жұмыстары (жетекшілік, ақыл - кеңестер, қорғау);
практикаға жетекшілік және нәтижелерін безендіру (басшылық және кәсіби іскерлік, дағдылардың деңгейін бағалау);
Оқытушының қатысынсыз орындалатын студенттердің өздік жұмыстары: дәріс конспектісінің мазмұнын лектор ұсынған оқу әдебиеті, ақпараттық білімдік ресурстар негізінде (электрондық оқулықтар, электрондық кітапхана т.б .) меңгеру,
реферат жазу;
практикалық сабақтарға дайындық
білім салалары(педагогикалық, психологиялық, әдістемелік) бойынша мақалалардың тізімін жасау
Өздік жұмысты бақылау Формалары: тест, өзіндік есеп, презентация, кейстер, шығармашылық жұмысты қорғау, бақылау жұмыстары т.б.;
Бақылау әдістері: практикалық жұмыстар, сынақ, зертханалық жұмыс, әңгімелесу, емтихан;
Бақылау технологиялары: бағалау, портфолио, өзіндік бағалау т.б..
Студенттердің өздік жұмысының нәтижелерін бақылау ауызша, жазбаша, аралас формада өтеді. Бақылау нәтижелері пән бойынша қорытынды баға шығарғанда ескеріледі. Ұйымдастырылған өздік жұмыс нәтижелерін бағалаудың жалпыпедагогикалық өлшемдері:
студенттердің оқу материалын оқу құзыреттіліктері деңгейінде меңгеруі;
студенттің теориялық білімдерін практикалық тапсырмаларды орындауға қолдана алуы;
Практикалық сабақтардың жоспары: 1. Оқытушының кіріспе сөзі (сабақтың мақсаты, қарастырылатын негізгі мәселелер).
2. Шолу түріндегі білім тексеруді ұйымдастыру.
3. Тақтада 1-2 типтік тапсырманы орындау.
4. Тапсырмаларды өз бетімен орындау.
5. Тапсырмаларды орындау барысында жіберілген типтік қателіктерді талдау (сабақтың соңында немесе келесі сабақтың басында).
Практикалық сабақтарды өткізу үшін тапсырмалардың үлкен банкі қажет. Оларды күрделілілігі бойынша саралауға болады.
Оларды бағалаудың екі жолы бар:
1. Қиындық деңгейлері бірдей тапсырмаларды беріп, бағаны орындаған тапсырмалардың санына байланысты қоюға болады..
2. Қиындық деңгейлері әртүрлі тапсырмаларды орындатып, бағаны тапсырмалардың күрделілігіне қарай қою.
Практикалық сабақтардың барлығында студенттерге баға қойылады. Студенттің практикалық тапсырмаларға дайындығы 5, 10 минутқа есептелген экспресс-тест(жабық формадағы тест тапсырмалары) арқылы тексеріледі. Сонымен әр сабақта студентке кем дегенде екі баға қоюға болады.
Практикалық тапсырмаларды студенттер жеке де, шағын топтармен бірге де орындай алады. Олардың әрбірі өз жобаларын жасайды. Орындалған жобаға (проблемалық сұрақ) басқа топ рецензия береді.
Аудиториядан тыс өздік жұмыстың түрлері:
Білімді меңгеру үшін: - мәтінді оқу (оқулықтар, дерек көздері, қосымша әдебиеттер);
- мәтіннің жоспарын жасау:
- мәтіннің құрылымын графикалық безендіру;
- мәтінді конспектілеу;
- мәтінді көшіру;
- сөздікпен, анықтама әдебиеттермен жұмыс;
- нормативтік құжаттармен жұмыс;
- оқу-зерттеу жұмыстары;
- аудио- және бейне жазбаларды қолдану,
- компьютерлік техника, Интернет және басқаларды қолдану.;
Білімді бекіту және жүйелеу: - дәріс конспектісімен жұмыс (мәтінді өңдеу);
- оқу материалдарымен қайта жұмыстану (оқулық, дерек көздері, қосымша әдебиеттер, аудио –және бейнежазбалар);
- жауаптың жоспарын және тезисін жазу;
- оқу материалын жүйелеу үшін кесте құрастыру; нормативтік материалдарды оқып үйрену;
- бақылау сұрақтарына жауап;
- мәтінді өңдеу (аннотация, рецензия жазу, реферат, контент-талдау т.б.);
- практикалық сабаққа хабарлама дайындау; реферат, баяндама дайындау; библиография жасау, тақырыптық сөзжұмбақ, тест құрастыру.
Іскерлікті қалыптастыру: үлгі бойынша тапсырмалар орындау;
сызба, схемалар құрастыру;
есептеу –графикалық жұмыстар;
педагогикалық жағдаяттар шешу;
іскерлік ойындар дайындау;
оқу - тәрбие жұмыстарын жобалау және модельдеу.
Өздік жұмысты ұйымдастыруға керекті құралдар: • жұмыс дәптерлері;
• тапсырмалар бланкісі;
• мәтіндер;
• аудио-бейнежазбалар;
• компьютерлік техника;
•дәріс конспектілері;
• кестелер;
• сөзжұмбақтар;
• чертеж, схемалар т.б.
Өздік жұмыстарды ұйымдастыруда «case-study» әдісіне ерекше орын беріледі.
Сase-study немесе нақты жағдайларды талдау әдісі (ағылшын сөзі case – оқиға, жағдай) – нақты міндеттерді ситуацияларды(кейстер шешімі) белсенді проблемалық –ситуациялық әдістер арқылы талдау. Сase-study әдісінің тікелей мақсаты – топ студенттерінің бірлескен күш жігерімен ситуацияны(case) талдап, практикалық шешім қабылдау. Процесс аяқталуы – ұсынған алгоритмдерді бағалау, проблеманы шешу үшін оңтайлысын таңдап алу. Қазіргі уақытта case-study – Гарвард (америкалық) және Манчестер (европалық) классикалық мектептері бар. Бірінші мектептің мақсаты: бір дұрыс шешім қабылдау. Екіншісі– проблема шешімінің көп нұсқалылығы.. Американдық кейстер көлемі (20-25 бет, 8-10 бет иллюстрациялар), европалық кейстер 1, 5-2 есе қысқа.
Case-studiеs– деректі материалдар негізінде дайындалып, оқу сабақтарында талдауға арналған нақты жағдаяттар. ситуацияны талдау барысында оқушылар “командада” жұмыс істеуге, талдау жасауға, басқарушылық шешім қабылдауға үйренеді.