Мақсаты: Топтың бір-бірін жақсы біліп, үйлесімді қарым-қатынаста болуына бағытталады.
Жүру барысы: Әрбір қатысушы қолдарына қағаз бен қалам алады.
Нұсқау. Бірден 10-ға дейінгі сандарды 1 бағанға орналастырыңыз.
Содан кейін әрбір сан қатарына мен кіммін деген сұраққа жауап беріңіз.
Мен------------------------------- басталған сөзде мінез бітісі қызығушылық, эмоция туралы, өздеріңізде бар қасиеттерді көрсетіңіз.
Осы қағазды арқаларына жапсырып, қоямыз да шеңбер болып барлық қатысушылар еркін жағдайда арттарындағы жазылған суреттерді оқиды,әркім өзі кімді жақын білгісі келеді, соған жақын барып артындағы жазылған сөздерді оқиды. Белгілі уақыттан кейін жүргізуші оларды бақылай отырып, бағдарлау.
Осыдан кейін қатысушылардан парақтар жиналады да бір (қатысушы ) жүргізуші қатысушының атын айтпай әр қағаздағы тізілген мінез-бітістерін қызығушылық эмоциясыз оқи бастайды. Ал қатысушылар осы кезде кімге арналғанын тауып алу керек.
3.Жұбымен қарым-қатынас орнату Мақсаты:Қатысушылар тобына өзге адамдармен вербальды және вербальды емес қатынас тәсілі арқылы қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік беру.
Қажетті уақыт: 30 минут
Дайындық: Арнайы дайындықтың қажеті жоқ, бірақ жетекші қатты эмоционалдық жағдай туындап қалғанда алып кетуге дайын болуы керек.
Жүру барысы:Алдымен барлығымыз өзімізге жұп таңдап алайық.Келесі жаттығуларды орындаайық.5 минут өткен соң екінші жаттығуды орындау үшін жұптарымызды ауыстырамыз. ( кем дегенде 2 жаттығу орындалуы керек).
Психологиялық тренингтер мазмұны 1.«Автобус» Мақсаты: Жеке тұлғаны вербальді қарым – қатынас жасауға бағыттау.
Жүргізу барысы: Автобустар қарама қарсы үлкен автотрассада кездесіп қалады.Сол сәтте автобустар сәл кідіріп тоқтайды.Сіз терезе жанында отырсыз.Ал екінші автобустың тезенің жанында сіздің көптен көрмеген таңысыңыз отыр.Сіз қатты қуанып кеттіңіз.Терезенің әйнегі ашылмайды, жазып берейін десеңіз уақыт тығыз.Сіз танысыңызға жедел түрде маңызды жаңалық айтуың керек (ым ишара арқылы).Содан соң сіздің таңысыңыз сізге жауап қайтарады (ым ишара арқылы) тренинг соңында қатысушылар өздері алған әсерлерімен бөліседі.