СТУДЕНТКЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Психологиялық тренингтер - жаттығулар мазмұны
1.«Мейірім»
Нұсқау: Жақсы сөз жанынды жадыратады, куаныш бөлейді. Ендеше өзгелерге де жақсылық сыйлап көрелік. Өзіңнін жақын туысқанның, танысың туралы қандай жақсы сөздер айтар едіңіз? Дайындыққа 5 мин. беріледі.Көңіліңіз қалаған адамды таңдаңыз. Ол туралы қысқыа да нұсқа әңгімелеңіз. Әсіресе, қандай қасиеттерін бағалайтыңызды айтыңыз. Қорытынды
: «жақсының жақсылығын айт, нұры тасысың».
2.«Эмоция түстері»
Топтан бір адам жүргізуші болып сайланады.Ал қалған қатысушылар іштей бір түсті таңдап алады.Кейін жүргізушіге жасырылады.Ол үшін қатысушылар вербалды емес түрде сол түсті бейнелеп беруі керек.Жүргізуші қай түс жасырылғанын табуы тиіс.
Жаттығу 1. “ Менің көңіл – күйімнің түсі ”.
Қатысушылар дәл қазіргі кездегі көңіл – күйлерін ассоциациялайтын түстерін шеңбер бойынша атайды. Шеңбер ортасына “қуаныш”, “көңілсіздік, мұңды”, “ыза”, “үрей”, “қызығушылық” сөздері қойылады, және қатысушылардан бұл түсініктердің қандай байланысы бар екені сұралады. Жауап: бұл – эмоциялар. “Эмоция” сөзіне нақты анықтама беру сұралады.
Эмоция – қаншалықты жағымды болғанына қарай, қандай да объектіге немесе жағдайға деген қарым – қатынас. Басқа адамдардың эмоцияларын, көңіл – күй және өзіндік сезіммен анықталатын, олардың мінез – құлқы арқылы түсінуге болады.
Жаттығу 2. Сезімдер атауы.
Әрбір қатысушы кестеге білгенінше сезім “атауларын” жазады. Әр қатысушы ретпен жазғандарын оқиды (қайталамауға тырысу керек).
Бірінші колонкасында сезім “атаулары” жазылады. Содан соң осы сезім туындайтын орынды белгілейсіз, мұны сіз крестик арқылы белгілейсіз.
Сезім ” атаулары ” кестесі
Сезімдер “атауы “
|
Мен әдетте бұл сезімдерді бастан кешіретін орындар
|
Үйде
|
Көшеде
|
Мектепте
|
Жаңа ортада
|
Достар ортасында
|
Басқа орындарда (қайда?)
|
Ә Д Е Т Т Е
|
1. Ыза
|
|
|
|
|
|
|
2. Қуаныш
|
|
|
|
|
|
|
3. Қапалану
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
Б Ү Г І Н
|
1. Жабырқау
|
|
|
|
|
|
|
2. Үрей
|
|
|
|
|
|
|
3. Таң қалу
|
|
|
|
|
|
|
4.
|
|
|
|
|
|
|
5.
|
|
|
|
|
|
|
Жаттығу аяқталу кезінде топқа бірнеше сұрақтар қоюға болады: Соңғы емтихан болған сәтте қандай сезімде болдыңыз? Ең жағымсыз сезім не деп ойлайсыз?Өз сезіміңді бақылай, басқара аласыз ба?
Жаттығу 3 . “ Көрме ”.
Нұсқау: “Ыңғайлы отырыңыз, босаңсыңыз, көзіңізді жұмыңыз, 3-4 рет терең демалыңыз. Өзіңізді шағын көрмедемін деп елестетіңіз. Онда сіз ызаланатын, сізді ренжіткен немесе сізге әділетсіздік жасаған адамдардың фотографиялары бар. Бір портрет таңдап, бұл адамның сізді ренжіткен сәтін, ситуациясын еске түсіруге тырысыңыз. Өз сезіміңізді еске түсіріп, оған ойша не айтқыңыз келеді соның барлығын айтып тастаңыз, нені қалайсыз, немесе не істеуді қаладыңыз соның бәрін жасаңыз”.
Талқылау. Қандай сиуация болды? Өз түйсігіңізді елестету қиын болды ма? Сіздің түйсігіңіз өзгерді ме?
Жаттығу 4. “Менің денемдегі эмоциялар”.
Нұсқау: “Қазір сіз біреуге немесе қандай да бір нәрсеге өте ашулысыз деп елестетіңіз. Өз ашуыңызды бүкіл денеңмен сезінуге тырысыңыз. Мүмкін, сізге біреуге ашулы болып, жақында болған жағдайды еске түсіру жеңіл болатын шығар. Сіздің ызаңыз денеңіздің қай жерінде екенін сезініңіз. Сіз оны қалай түйсінесіз? Мүмкін ол ішіңіздегі алауға ұқсас шығар? Немесе жұдырығыңыз қышып тұрған шығар? Бұл бөлімдерді өзіңіздің суретіңізде қарындашпен белгілеңіз. Енді сіз қазір бір нәрседен оқыс үрейленген сияқты етіп елестетіңіз. Сізді не үрейлендіруі мүмкін? Елестеттіңіз бе? Сіздің үрейіңіз қайда орналасқан? Ол неге ұқсас? Бұл орынды өз суретіңізде басқа түстегі қарындашпен белгілеңіз.
Денеңіздің қай жерінде өз ызаңызды сезінесіз (үрей, жабырқау, қуаныш)? Қандай сезімді өз денеңізде сезіну және түйсіну жеңіл болды? Ал қайсысы қиынырақ?
Жаттығу 4. “ Рәміз ”.
Қазір сіздерге қарындаш және ақ парақ ұсынылады. Парақ 4 бөлікке бөлінген және ол келесі ақпараттардан тұрады:
Аты
Өзімді қалай елестетем немесе немен ассоциация болады
|
2. Нені және кімді мақтан, үлгі тұтамын
|
3. Менің құпиям
|
4. Мен нені бағалаймын
|
Бәрі ортаға шеңбер болып тұрып, өз “ рәміздерін “ таныстырады. (pәміздерді іліп қоюға да болады)
Жаттығу 5. ”Жайлы орын”.
Ыңғайланып отырып, көзіңізді жұмыңыз.
Нұсқау: Өзіңізге өте ұнайтын қандай да орынды елестетіңіз. Бұл орын бір кездері болған, немесе қиялдағы орын болуы мүмкін. Бұл орында сіз өзіңізді сондай жайлы сезінесіз... Оны барлық детальдарымен елестетіңіз... Айналаға қараңыз. Сіз не көріп тұрсыз? Құлақ салыңыз. Мүмкін, сізге қандай да дыбыстар естілетін болар... Мүмкін сізге жел ысқырығы сезілетін шығар... Қазір сізде осы орында бола тұруға бірнеше уақытыңыз бар... Бұл сіздің жайлы орныңыз. Қазір тағы бір мұқият қарап шығыңыз, терең дем алып, көзіңізді ашыңыз.
Жаттығу орындалған соң сезімдерімен бөліседі. Өзіндік сезімнің позитивті өзгеруіне көңіл аударған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |