7 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Педагогикалық қарым – қатынас шеберлігі
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Педагогикалық жағдаяттарды шешу.
№4. Бастауыш сынып оқушыларынан жиі: “Әсел, дұрыс жазбай отыр, оған Деурен дұрысын айтқан жоқ”, немесе “Марат дәптерін бүлдіріп тастады” - деген дауыстарды естиміз.
Сұрақ: 1. Бастауыш сынып оқушыларының осындай қылықтарын қалай түсінуге болады? 2. Бұл балалардың жеке басының дұрыс қалыптасуы, ұжымдағы, қарым-қатынасының сәтті болуы үшін мұғалім қандай әрекет етуі қажет?
№5. Оқушы сіздің сабағыңыздан үнемі қашып кетеді. Жетекшінің, мектеп директорының ескертуінен еш нәтиже шықпады. Мектеп әкімшілігі оқушыны қызықтыра алмадың деп Сізді кінәлады. Басқа оқушылар сіздің сабағыңызды ұнатады. Әлгі оқушымен қандай жұмыс атқарасыз және қандай шара қолданасыз?.
№6. Сіз үйге тапсырма бердіңіз. Оқушы үй тапсырмасын реферат түрінде, оқулықтан тыс материалды, ғылыми деректермен жазып келген. Сіз ол деректер жайында білмейсіз. Оқушы жұмысын қалай бағалайсыз? Білмейтініңізді білдірмеу қалу керек.
№7. Сіз бүгін қандай да бір жағдаймен сабаққа дайындалмай, жоспарсыз келдіңіз. Сабағыңызға мектеп әкімшілігі немесе басқа мұғалімдер қатысып отыр. Не істейсіз? Жағдаяттан қалай шығасыз?
2 тапсырма. «Сізбен қарым-қатынасқа түсу жағымды ма?» тестісіне жауап беріңіз.
Студенттер сұрақтарға “иә” және “жоқ” жауаптарының біреуін белгілеп, ұпай санына байланысты қарым-қатынасқа түсу деңгейлерін анықтайды.
Егер сіз 1,2,3,6,7,8,9,10,11 сұрақтарына «иә», 4,5 сұрақтарға «жоқ» деп жауап берсеңіз онда әрқайсысын 1 ұпай деп есептейсіз.
1.Сіз сөйлегенге қарағанда тыңдағанды жақсы көресіз бе?
2. Сіз кез-келген бейтаныс адаммен сөйлесу үшін ортақ тақырып таба аласыз ба?
3. Сіз әңгімелесушіңізді әрдайым ұқыптылықпен тыңдайсыз
4. Сіз кеңес бергенді жақсы көресіз бе?
5. Егер әңгімелесушіңіздің әңгімесі сізге қызықсыз болса, сіз оны оған көрсетесіз бе?
6. Сізді тыңдамай отырса қапаланасыз ба?
7. Сіздің кез-келген сұрақ бойынша өз жауабыңыз бар ма?
8. Егер әңгімелесу тақырыбы сізге таныс болмаса, оны одан әрі өрбітесіз бе?
9. Сіз назарда болғанды ұнатасыз ба?
10. Жеткілікті білімім бар дейтіндей 3 пәнді атай аласыз ба?
11. Сіз жақсы ораторсыз (сөзшең) ба?
1 - ден 3 ұпай – айту қиын, сіз бір сөз айтқыза алмайтын тұйық адамсыз немесе өзгелерді қашуға дейін мәжбүрлейтін шектен тыс қарым –қатынасшылсыз. Сізбен қарым –қатынасқа түсу үнемі жағымды емес, тіпті кейде қиын. Сізге бұл жөнінде ойланған дұрыс.
4-тен 8 ұпай – сіз, мүмкін қарым- қатынасшыл адам болмассыз, бірақ әрдайым – ұқыпты, әрі жақсы әңгімелесушісіз. Сіз зауқыңыз соқпағанда, алаңғасар бола аласыз, бірақ осы сәттерде қоршаған адамның сізге көңіл аударуын талап етесіз.
9-дан 11 ұпай – сіз адамдармен қарым- қатынаста ең жағымды адамның бірісіз. Достарыңызға сізсіз қиын болады. Бұл керемет.
Достарыңызбен бөлісу: |