6 практикалық сабақ.
Тақырыбы: Педагогикалық қарым – қатынас мәдениеті
Сабақтың жүру барысы
1 тапсырма. Педагогикалық қарым-қатынастағы коммуникативтік міндеттердің орындалу сатыларын атаңыз?
2 тапсырма. Педагогикалық қарым-қатынас үрдісіндегі педагогикалық функцияларға сипаттама беріңіз.
3 тапсырма. Мұғалім мен оқушының арасында тиімді қарым-қатынасты қалай орнатуға болады? Сіздің ойыңызша, қандай тиімді әдісті ұсынар едіңіз.
4 тапсырма.Төмендегі кестеге қарым-қатынас механизмдерін толтырыңыз.
5 тапсырма. Педагогикалық жағдаяттарды шешу.
№1. Жаңадан келген мұғалім оқушылармен тез тіл табысып кетті. Бірақ оны күлімдеп қарсы алып, көзін тез тайдырып, қоңырау соғылғанда шығып кетуге асығатындар да бар еді. Осыны байқаған мұғалім анкета беруді ұйғарды. Онда жалғыз ғана сұрақ бар еді: “Қазіргі мұғалім сенің ойыңша қандай болуы керек?” Мұғалім неге мұндай шешім қабылдады?
№2. Сынып бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс оқушылары түгел киноға баруды ұйғарады. Мектеп директоры келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты. Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?
№3. 4-а класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Сынып мүшелері араларында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Сынып жетекшісі сыныптағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, сынып дәстүрін мойындауға мәжбүр етті. Ал, 4-б класында, осындай педагогикалық жағдайда сынып жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен сырт қалды. Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе берді. Сынып «қиын сынып» деп аталды. Сұрақ: ұжымдағы тәрбие жұмысындағы сынып жетекшілерінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |