Педагогикалық технологиялар институты



бет20/20
Дата11.01.2022
өлшемі1,11 Mb.
#110758
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
А. Құнанбаев шығармаларындағы рухани-имандылық идеяларының тәрбиелік негізі

Қортынды
Біз бұл зерттеуімізде елімізде қалыптасқан саяси-әлеуметтік жаңа көзқарастарға орай, жарық көрген ғылыми-публицистикалық әдебиеттерге сүйене отырып, Абай мұрасындағы рухани-имандылық тәрбие идеяларының кейбір қырларына тоқталдық. Олардың мазмұны «Абай Құнанбаев шығармаларындағы рухани – имандылық ой-пікірлерінің теориялық негіздері» сондай-ақ, «Абай шығармашылығындағы рухани – имандылық тәрбиесінің мазмұны мен негізгі қағидаларын тәжірибеге енгізу жолдары» атты тараулар кеңінен қарастырылып, оған терең ғылыми талдаулар жасалынды. Зерттеу нәтижесінде төмендегідей міндеттер ғылыми шешімін тапты: XIX ғасырдың ІІ-ші жартысындағы қазақ халқының басындағы өзгерістер Абайдың ағартушылық күресінің мазмүнын құрап, оның рухани-имандылық тәрбие идеяларына негіз болды.

Зерттеу деректері Абай мүрасының тәрбиелік мәні туралы алғаш сөз қозғап, оны қалың көпшілікке ұлы ұстаз ретіндс тұңғыш дәріптеушілер - XX ғасырдың бас кезіндегі саяси қуғынға ұшыраған қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев екендігін анық байқатады.

Абайдың дүниеге көзқарастарының М. Әуезов атап кәрсеткен үш қайнар көзі, оның ағартушылық ой-пікірлерінің де негізі болып қала береді. Оның жеке тұлға болып қалыптасуъша әсер еткен тұлға-тәлімгерлер: әже, әке-шеше; ауыл молдасы; медресе ұстаздары; «приходская школа ұстаздары; тәрбие көздері: ұлттық; мұсылмандық-шығыстық; батыстық; жалпыадамзаттық; хакім ұстаз оз бойына сіңірген имандылық қасиеттер: ар-ұят, әдеп-инабат, кісілік, естілік, адалдық, ізгілік, қайырымдылық, әділеттілік, имандылық т. б.;

Атап өтетін жәйт, Абайға жан-жақты үлгі көрсетуші Құнанбайдың шынайы тұлғалық сипаты: ең алдымен, ол - қазақ даласында ағартушылыққа жол салушы тұңғыш кемеңгерлердің бірі. Оған оның «Ескі там» медресе-мектебін ашуы, қолында ұстаз ұстауы және оз перзенттерін шет жерлерге (Халиолланы -Петерборға, Абайды - Семейге) оқыту сияқты іс-әрекеті толық негіз бола адады.

Екіншіден, бабалар дәстүрін қастерлеуші, өнегелі мұсылман иесі, оның ұрпак тәрбиесіндегі ролін зор бағалаушы халықтық үлгідегі ұстаз. Оған діни медресе ашуы, мешіт салдыруы, Меккеге қажылыққа баруы дәлел. Үшіншіден, адам атына лайық боп өтуді өзіне мақсат тұтқан ұлы ойшыл, ғұлама ақыл иесі. Оған артында қалдырған өшпес ізі мен өлмес нақыл сөздері куә. Адалдықты ту қып көтерген әділ басшы, үлгілі ұстаз.

Абайдың ұлы Абай болып қалыптасуына ықпал еткен ең бірінші рухани түлға - Құнанбай әке екендігін жас ұрпаққа үлгі тұтудың маңызы зор. Себебі, «ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» деген халық нақылына жүгінсек, бар ғұмырларын үрім-бұтағымен ағартушылыққа арнаған Құнанбай әулеті бар қазаққа үлгі боларлық өнегелі іс болары хақ. Абайдың нәсілі, Абайдың ортасы, Абайдың алған төрбиесі дегенде осы мәселелерге ерекше мән берген жөн демекпіз.

Абайдың рухани-имандылық тәрбие идеяларына байланысты көп кездесетін шығыстық ағартушылық бағыттағы педагогикалық мәні зор ұғымдар: «иман», «имандылық», «имандылық тәрбиесі» түсініктеріне ғылыми тұрғыда талдау жасалынды. Имандылық қағидаггарының жаңа мазмұнына сай, оны алғашқы діни түсініктен айыратын педагогикалық атау қажетгігі мәселелері көтеріледі.

Бүгінде «иман» ұғымының тек діни мағынада ғана емес, адамның адамдық қадір-қасиетін анықтайтын жалпыадамзаттық рухани сапа ретінде кең қолдану үрдіске айналуына, әрі, Абай «иман» ұғымын өзі өмір сүрген қоғам талабына орай, адам тәрбиесіне қажетті қазақ тілінде бар барлық мағынасында (1. сенім, 2. діни, 3. ар-ұят) қолданып, оны шығармашылықпен дамытуына байланысты «иман» түсінігіне екі анықтама берілді:

а) «Иман» дегеніміз - кең мағынадағы табиғи сенімді, ғылыми сенімге ұштастыруда адамзат бағалаған ең құнды рухани қасиеттерді (ар, үят, адалдық, ізгілік, естілік және т.б.) біріктіруші сапаға ие аясы кең үғым. Кең мағынадағы табиғи сенім дейтініміз дүниедегі адамзат сенімі (әзірге) әр түрлі (ислам, христиан, буддизм, иудаизм); кең үғым дейтініміз - адамзатқа қажетті құнды қасиеттер легі әлі де туындап, олардың қатары көбейе бермек.

Ал, осы берілген анықтамадағы адамзаттың бәріне ортақ емес, табиғи сенімді былай қойсақ, «иманның» екінші анықтамасы шығады.

ә) «Иман» дегеніміз - адамзат бағалаған қүнды рухани қасиеттер (ар, үят, адалдық, ізгілік, естілік, т.б.) жиынтығы болып табылады.

Абай, өз шығармаларында «иман» ұғымын осы екі мәнде қатар қолданып, имандылықтың сара жолын қалыптастырған. Ол мұсылмандық парыз ретіндегі «иманды» қоштай отырып, оны адамның адамшылық қасиетін айқындайтын өлшем дәрежесіне дейін көтереді. Бұған ұлы ұстаздың «иман», «имансыздық», «иманигүл», «иманижүрек», «иман білмес», «иман тазалығы», «иман келтіруші», «иманымыз» және т.б. ұғымдарға терең тоқталуы дәлел.

«Имандылық» ұғымы да екі мағынада қолданылады: 1. адамды жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін діннің өзекті қағидаттарының жиынтық атауы, яғни имандылық (религиозно-нравственное); 2. адамзатқа ортақ, жақсы мінез-құлық талаптары, яғни жалпыадамзат қол жеткізген рухани-имандылық (нравственность) қағидаттарының атауы.

Имандылық қағидаттарының екінші кең (жалпыадамзаттық) мағынасына орай, оны алғашқы діни мағынасынан айыратын түркі әлеміне кең танымал педагогикалық атау - «ахлақ» ұғымын енгізу ұсынылды. Ана тіліміздің ерекшеліктеріне сай ол «ақылақ» болып енуі тиіс. Оның төл педагогикамыздағы басты-басты атаулар жүйесі төмендегідей болуы қажет:

  • ақылақ - нравственность;

  • ақылақ тәрбиесі - нравственное воспитание;

  • ақылақты адам - нравственный человек;

  • ақылақсыз; бейақылақ - безнравственный;

- ақылақ қағидаттары - принципы нравственности; Біздіңше, тәрбиелік мәні зор бұл ұғымдарды педагогикалык энциклопедия мен сөздіктерге енгізу, жас ұрпақ тәрбиесінің мазмұнын байытып, оның маңызын арттыра түсері анық.

Екінші тарау хакім ұстаз мұрасындағы имандылық тәрбие идеяларының мазмұны мен негізгі қағидаггарын анықтауға арналған. Оның құрамдас бөлігін Абайдың дін туралы көзқарастары құрайды.

Абай діни көзқарастарының тек «өз заманы үшін» ғана емес, жалпыадамзаттық замандар үшін прогресттік мәні зор. Абайдың діни бағыттағы тұтынған негізгі қағидаттары: ол ең алдымен «Дінге де жақсы - білгендік» деп қарайтын қағидат иесі; Абай тек өзі таныған (ғылымның дінге тәуелді болмауын жақтайтын) діни-мұсылманшылықты пір тұтушы, яғни «якини иман» иесі; Абай діні - адамгершілік діні (М. Әуезов).

Абай тұтынған бұл қағидатгардың қазіргі қоғам талаптарымсн үндестігін ескерсек, үлттық діли үстанымға Абайлық биіктен жауап беріп, оның имандылық тәрбиесін бүгінгі ұрпақ қажетіне жаратуды жолға қойған жөн. Оны бүгінгі күн тәрбие ісінде басшылыққа алу -бізді соқыр фанатизм мен жалаң атеизмнен сақтандырары хақ.

Зерттеу нәтижесінде, Абай мұрат тұтқан «иманды адам» болудың бірнеше сатысы анықталып, оның бір ізге түсірілген жүйесі жасақталынды (3-кесте). Абайдың имандылық тәрбиесі идеяларын жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану төл педагогикамыздың мазмұнын байытары сөзсіз. Бұл бағыттағы Абайдың жас ұрпаққа ұсынар имандылық ой-пікірлерінің шыңы, иманды болудың ең биік сатысы - «иманигүл» ұғымы болып табылады. Немесе оның тағы бір аты -«толық адам» делінеді.

Абай ұғымындағы «Иманигүл - үш сүюден (Алланы, Адамзатты, Әділетті) тұрады. Ол адам баласын түзу жолға жетелейтін, сол жолға жүруге тәрбиелейтін үш рухани мұратқа негізделген. Оның біріншісі - имандылық, екіншісі - гуманизм, үшіншісі - азаматтық қағидаттарының басты мазмұнын құрайды.

«Иманигүл» - кез келген адамға тән қасиет емес. Ол теріс қылықты, лас ойлы қара ниеттілер санасы үшін қарама-қарсы ұғым. Қоғамымызды осындай жаман қылықты адамдардан арылтуда Абай айтқан «иманигүлді» санамызға сіңіріп, тіршілігіміздің туы ету, тәлім-тәрбиеміздің нәтижесін арттыра түсері анық.

Абай мақсат тұтқан иманды адамның ең биік сатысының тағы бір атауы - «толық адам» деп аталады. Иманигүл жолына жүруді өзіне шарт қылып қадам басқан адам Абайша, таза мұсылман, «толық адам» делінеді. Оның негізі - тәлім-тәрбие деп білген.

Одан кейінгі, иманды адамның имандысы жететін шың -«жәуанмәртлік» болып табылады. Оның иелеріне Абай өмірде өзіндік із қалдырған рухани тұлғаларды (пайғамбарлар, әулиелер, хакімдер, кәміл мұсылмандарды) жатқызады.

Хакім ұстаз мұрасындағы рухани-имандылық тәрбис идеяларьшың мазмұны педагогиканың сан-салалы мәселелерімен астасып жатырған күрделі проблемалар қатарын құрайды. Сондықтан зерттеуімізде оның кейінгі ұрпақ ой-пікірлерімен сабақтастығы және бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі үшін алатын маңызы, оны өмірге енгізу бағыттары («Иманизерек» бағдарламасы) кеңінен қарастырылды.

Абай да, Шәкерім де сол кездегі қоғам дамуындағы пайда болып отырған саяси-әлеуметтік құбылыстарға сай, имандылықтың халық санасының ажырамас бөлігі ретіндегі тәлімдік мәнін жіті бағалайды. Ұлггық сананы сақтап қалудағы бірден-бір күш, исламнан бастау алатын имандылық қағидаттарының өміршең жақтарын халыққа бұрмаламай, дұрыс ұғындыруды көздейді. Сөйтіп, бұл бағытта белең алған дүмшелік, надандыққа қарсы күресуді мақсат тұтады. Екі ғұлама пікірлеріндегі үндестік мәні, олардың бірін-бірі толықтырып тұратын тәліми арналар екендігінде.

Ұлттық педагогиканың басты қағидаттарының бірі - жас ұрпақтың бойына имандылық, кісілік қасиеттерді дарыта отырып, ізгілікке, имандылыққа тәрбиелеу. Халық даналығынан нәр алып өскен Абай да нақ осы мәселеге назар аударып, оны өз шығармаларының өзегіне айналдырған. Абайдың ойынша, тақлиди не якини иман болсын «толық адам» қалыптастыруға қызмет еткенде ғана нағыз имандылық, ал оған қарсы әрекеттерге қызмет етсе, имансыздық болып табылады. Сондықтан да, иманның кіріспейтұғын жері жоқ. Осыны жас ұрпақ санасына сіңіріл, өзі қалағандай жан-жақты иманды адам тәрбиелеу хакім ұстаз көздеген мақсаттың ең өзектісі болып табылады.

Имандылық мәнісі - езіндік тәрбие нәтижесі арқылы көрінеді деу арқылы, Абай имандылықтың қас жауы немесе «күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсені: әуелі - надандық, екінші -еріншекті, үшінші - залымдықты» атап көрсетеді. Абай надандықтан құтылмайынша, іздеген мұратың, ізгі арманың бәрі бекер дегенді уағыздайды.

Абай өзі мұрат тұтқан «иманигүл» не «толық адамдыққа»
жеткізетін ең басты құнды қасиетке әділетті жатқызады. Абай
дәуіріне тән әдет-ғұрып құқығы нормаларының ресми көрінісі
негізінен «Ережелер» түрінде болды. Бұл орайда, хакім ұстаздың
тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» өз
кезегінде зандық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке
қүқықтық тәрбие беру ісінде тәліми мәні зор төл құжат екендігін
атап өткен жөн. Оның жеке тұлғаны демократиялық құқықтық
мемелекеттің белсенді мүшесі етіп тәрбиелеуге қосатын үлесі зор.

Абай көздеген рухани-имандылық тәрбиесі бізді өткен тәрбие тәжірибемізде жіберген қателік – бір жақтылықтан сақтандыратын бірден-бір дұрыс жол екендігін ұғыну әр ұрпақтың парызы болуға тиіс. Бұл орайда біз байқаған Абай түсінігіндегі ұлы ұғымдар: Алла. Қоғам. Адам. Тәрбие. Осы мәңгілік ұғымдар арқылы Абай кейінгі ұрпаққа азық болар парасат-пайымдық, өсиет-нақылдық, өнеге-тағылымдық рухани мол мұрасы тек бүгінгі күннің өзекті мәселелер қатарын құрап қоймайды, сондай-ақ, ол келешекке де мол бағышталған.

Әлемдік деңгейдегі хакім ұстаз - Абай есімі тәуелсіз еліміздін
рухын биікке көтеретін, соған лайық есім. Өйткені, Абай кездеген
үлы мұраттың тек ұлтгық шеңберде ғана емес, дүниежүзілік ұлы
мұраттармен ұштасуы, бүгінгідей көп ұлтты қазақ елінің ұландарын
тәрбиелеуге зор ықпал етері сөзсіз. Сондықтан, Абай тәрбиесі әрбір
отбасына, әрбір балабақшаға, әрбір жалпы және жоғарғы мектепке,
қоғамдық тәрбие мекемелеріне жүйелі түрде енуі тиіс.

Қорыта айтқанда, біз бұл аталған зерттеуімізде «Абай шығармаларындағы рухани-имандылық тәрбие идеяларының» өзіміз қажет деп тапқан қырларына талдау жасадық. Алайда, «Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз» деген М. Дулатовтың ұлағатты сөзіне сүйенсек, хакім ұстаз рухани дүниесінің ашылмаған қырларын зерттеу - болашақ ұрпақтың үлесіндегі нәрсе екендігіне еш шүбәміз жоқ. Сондықтан да, өзіміз болашақта бастауыш сыныптан оқушы санасына құйылуы тиіс деп тапқан кейбір мәселелерді атап етуді жөн көрдік. Бұл, Абай мұрасындағы эстетикалық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлері, қарым-қатынас өнері, жеке тұлға және ұжым, ақын ролі туралы ой-пікірлері жеке-жеке тақырып қылып қарауға болатын мәселелер.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТГЕР ТІЗІМІ
1. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту

Тұжырымдамасы, Астана, 2004, 3-4 беттер.

2. Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 3846.

3. Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991. - 4606.

4. Дулатов М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. - 2806.

5. Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. Алматы: Ана тілі, 1993, -2206.

6. Жұмабаев М. Педагогика. - Алматы: Ана тілі, 1992. - 1986.

7. Дулатов М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991. - 2806.

8. Жұмабаев М. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1989. - 44806.

9. Әуезов М. Абай Құнанбаев. Монографиялық зерттеулер мен мақалалар. Құр. Н. Ақбаев. - Алматы: Санат, 1995. - 3206.

10. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. - Алматы: Ғылым, 1995. - 1816.

11. Әуезов М. Абай жолы. - Алматы: Жазушы, 1989. - Бірінші кітап. - 6046.

12.Әуезов М. Абай жолы. - Алматы: Жеті Жарғы, 1997. - Бірінші кітап. - 3176.

13. Досжан Д. Абай айнасы. - Алматы: Қазақстан, 1994. – 366 б.

14. Ғаббас С. Абайдың педагогикалық көзқарастары // Ақиқат. -1992. №11.

15. Сапаралы Б. Құнанбай қажы. - Алматы: Ер-Дәулет, 1995. - 2886.



16.Әлімбаев М. Халық - ғажап тәлімгер. - Алматы: Рауан, 1994. -
1436.

17. Шәкәрімұлы А. Әкемнің шығармалары // - 1988. -47-516.

18. Берікұлы Н. Арғы атасы қажы еді (Құнанбайды кім деп білеміз?) // Абай.- 1997, №1.-10-176.

19. Мырзахметұлы М. Абай және шығыс. - Алматы: Қазақетан, 1994. - 2056.

20. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасынын теориялық негіздері мен тарихы. - Алматы: Рауан, 1998. - 1276.

21. Лихачев В. Педагогика. Москва: Прометей, 1998. - 462с.

22. Харламов И. Педагогика. Москва: Юрайт, 1997. - 590с.

23. Орысша-қазақша сөздік. Русско-казахский словарь. - Алматы: Қаз. сов. энц. , 1978. - 2т. - 5206.

24. Философский энциклопедический словарь. Москва: Сов. Энц.,

1989. - 815с.

25. Қоянбаев Ж. , Қоянбаев Р. Педагогика. - Астана, 1998. - 3786.

26.Қоянбаев Р. Қысқаша педагогикалық сөздік. Алматы, 1995. -586.

27. Философиялық сөздік. - Алматы: Ғылым, 1996. - 3806.

28. Терминдер және олардың аудармалары. - Алматы: Ғылым,

1990. - 2156.

29. Матажанов К. Рухани уыз // Қазақстан мектебі. - 1990, №2 - 25-30 б.

30.Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі.-Алматы: Ғылым, 1966.-2406.

31. Жарықбаев Қ., Наурызбаев Ж. Қазақтың ұлггық тәлім-тәрбие атау-ларының қысқаша түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1993.

32. Наурызбаев Ж. Ұлтгық мектептің ұлы мұраты: Оқушыларға мәдени-этникалық білім беру. - Алматы: 1995. -192 б.

33. Халитова I. Абай Құнанбаев мұрасын оқу - тәрбие процесіне енгізу тарихы (1960-1995). - Алматы, 1999. - 476.

34. Ислам. Энциклопедия. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995.-2856.



35. Бекмұхаметов Е. Қазақ тіліндегі араб-парсы сөздері. Түсіндірме сөздік. - Алматы: Қазақстан, 1977 - 1996.

36. Оңдасынов Н. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. (Қазақ тіліндегі араб сөздері) - Алматы: Қайнар, 1969. - 2655.

37. Бержанов Қ, Мусин С. Педагогика тарихы. Қысқаша курс. -Алматы: Мектеп, 1987. - 2566.

38. Мырзахметұлы М. Абай және шығыс. - Алматы: Қазақетан, 1994. - 2056.

39. Базарбаев Ж., Нұсқабаев Ж., Даулетова Қ., Әбілдаүлы Ұ. Инабат. (Әдептану оқу құралы). - Алматы: Рауан, 1995. - 3816.

40. Кеңесбаев I. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы: Акад. Баспасы, 1989. - Іт,- 3376.

41. Есімов Ғ. Хакім Абай. - Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994. -1986.

42. Ахметов Т. Жүсіп Баласағүнидың имандылық идеялары. - 1999, 436.

43. Бәшірова Ж, Әлқожаева Н. Иман - тәрбие негізі. - Алматы, 1997, - 566.

44.Әлжанова К. Тәрбие жүйесіндегі діннің орны // Қазақстан мектебі. – 1999, № 8 - 12-16

45.Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 1986. - 2т - 2676.

46.Философия. (Ред. басқ. Д. Кішібеков). - Алматы: Рауан, 1991. -3206.

47. Оразалиев С. Абай және Ғұламаһи Дауани.- Алматы, 1997. - 206.

48. Құнанбаев А. Екі томдық шығармалар жинағы. - Алматы: Жазушы, 1986. - 1т - 3046.

49. Мырзахметұлы М. Алғы сөз. // Құдайбердіұлы Ш. Мұсылмандық шарты. - А.,1993.- 46.

50.Есімов Ғ Абай діни көзқарастары // Абай. Энциклопедия. -Алматы: Қаз. энц. Бас редакциясы Атамұра, 1995. - 7206.

51.Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және түркология. - Алматы: Ғылым, 1987. - 4006.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет