Педагогиканы ң жалп ы негіздер І



бет40/51
Дата13.09.2020
өлшемі374,5 Kb.
#78406
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51
Байланысты:
muhanbetova (1)

Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастық елестетуі. Баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет-келбеті мен басының формасы, жүрісі мен өзін-өзі ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы берілетін биологиялық ұқсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүешелерін, жүйке жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға, биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым қуалау арқылы алады. Тұқым қуалаушылық жайлы ғылымды генетика деп атайды. Тұқым қуалаушылықты таратушы клеткалар ядросының дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) мен белоктан тұратын хромосомдары болады. Хромосомдардың өте уақ бөлшектері гендер ұрпаққа ата-аналардың жыныс клеткалары арқылы беріледі.

Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.

Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады.

Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлықының дамуына ықпал жасайтын әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға мектептің ықпал жасауы нәтижесінде дүниеге көзқарасы, құлықтық, эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттер дамып қалыптасады.

Педагогика адам дамытуда әлеуметтік ортаның ықпалын мойындамайды, оған зор мән береді. Бірақ ортаны шешуші және алдын-ала анықтаушы фактор деп қарастырмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет