Педагогиканы ң жалп ы негіздер І


Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз



бет39/51
Дата13.09.2020
өлшемі374,5 Kb.
#78406
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Байланысты:
muhanbetova (1)

Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз - оның өзіне тән мінез-құлықындағы, іс-әрекетіндегі көқарасындағы ерекшелігімен дараланады.

Қоғамдық тұлғаларға ортақ бірыңғай этикалық талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірін білдіруі заңды құбылыс.

Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп, қабылдауы да әртүрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-санасының, білім көлемінің толысуына баланысты оның өмірге көзқарасы , белгілі құбылыстарға баға беруінде өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс.

Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан бір-біріне ұқсас болуы мүмкін. Ал олардың мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген икемдік, қабілеті бірдей емес.

Тұлға - жеке адмның мақсатының орындалуы ғана емес, оның ерік-жігерінің іске асуы, яғни , өзі жөніндегі ойын, еркін іске асырудың дайындығы және оны іске асырғандығының нәтижесі, көрінісі.

Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру: екіншіден, адамзаттық өркениетті тұлғаның бойына біртіндеп сіңіру; үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өз-өзін тәрибелуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы 3 компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.

Адамның даму және қалыптасуы жайында осы уақытқа дейін әртүрлі пікірлер мен теориялар әдебиетте орын алып келеді. Атақты грек философтары Платон мен Аристотель адамның дамуын, алдын-алудың белгілеген тұқым қуалаушылық табиғатынан деп дәлелдеді. Аристотель құл болушылық немесе бағынушылықты табиғаттың заңы дейді.

Тұқым қуалаушылық теориясын қолданушы және уағыздаушылардың бірі - префомистер. Префомизм - ХҮІІІ ғасырда биология саласында үстемдік еткен. Адамның дамуы жайлы диалектикаға қарсы философиялық ағым преформистер ересек адамдардың барлық қасиеттері мен белгілері ана құрсағында сәбидің ағасында болады, сондықтан жеке адамның дамуын алғашқы рет ұрықта пайда болған қасиеттердің өрістеп күшеюі мен сан жағынан артуы деп қарастырады.

Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диелектикалық үрдісі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен тұсініктер және өжет, жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Баланың адамгершілік, әуестік, белсенділік және батылдық сияқты қасиеттрі даму үрдісінде қалыптасады, өйткені оның өсіп-жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді. Баланың дамуы мен оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық, әлеуметтік орта, орта тәрбие және т. б. жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет