Педагогиканы ң жалп ы негіздер І



бет38/51
Дата13.09.2020
өлшемі374,5 Kb.
#78406
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51
Байланысты:
muhanbetova (1)

Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, қарама-қайшы үрдіс. Ол өзіне ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді, мақсат, ұйымдасқан тәрбиені қамтиді. Жеке адамның қалыптасуы туу сәтінен басталады, жеткіншек және жасөсіпірм шақта айрықша интенсивті жүреді де, ересек болған кезде өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Даму ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу үрдісін жатқызады. Бұл үрдістер психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді. Жеке адамның дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуніңі процесі, жеке адам үшін елеулі болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға, адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық өзгерістер үрдісі.

Жеке адамның, әсіресе балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады.

Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның , ұжымның, ұлттың, рудың мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік, мінез-құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез – қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет